Жаңалықтар

Футбол: «Ақтөбе» мен «Жетісу» матчы көрерменсіз өтеді

Футбол: «Ақтөбе» мен «Жетісу» матчы көрерменсіз өтеді
Фото: El.kz/Артем Чурсинов 28.10.2023 23:44 818

Ертең футболдан «Ақтөбе» мен «Жетісу» клубтарының кездесуі өтеді. Аза тұту күніне байланысты стадионда көрермен болмайды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

«Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметі Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының шешімін жариялады. Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты «Ақтөбе» - «Жетісу» матчына көрермен кіргізілмейді.

Премьер-лига клубтары арасындағы ҚР чемпионатында 26-турдың барлық матчы көрерменсіз өтеді және ҚКФЛ әнұраны орындалмайды, Мемлекеттік байрақ тутұғырдың ортасына дейін түсіріледі. Матчтар басталмас бұрын Костенко атындағы шахтада болған апаттан қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алу ұйымдастырылады. Сондай-ақ барлық жоспарланған іс-шара (марапаттау рәсімдері, ұтыс ойындары) өткізілмейді. «Ақтөбе» футбол клубы Ticketon.kz платформасында сатылған билет құны толығымен кері қайтарылатынын хабарлайды, – деді баспасөз қызметінің жетекшісі Әсет Жомарт.

Еске сала кетейік, 29 қазан Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада орын алған апатқа байланысты  Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға