Фристайлдан әлем чемпионаты: Қазақстан жасөспірімдері төрт медаль еншіледі
Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
12.01.2025 19:42
152
Алматыда фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан құрамасы бұл жарыста төрт медаль жеңіп алды.
Могулдан Анастасия Городко командаға екі жүлде әкелді. Ол параллельді могулда алтын және могулда күміс медаль иегері атанды.
Юлия Феклистова мен Денис Раструба аралас командалық жарыста екінші орын алды.
Фристайл-акробатикадан Дінмұхаммед Райымқұлов чемпионатта тарихи жетістікке жетті. Ол жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бірінші орынға көтерілген алғашқы қазақстандық атанды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қонаевтың туған күнінде 80 отбасы баспаналы болды