Фристайл-могулдан Қазақстан ұлттық құрамасы елге оралды

11.02.2022 10:37
2122
Елорданың халықаралық әуежайына Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиадаға қатысушылар – фристайл-могулдан Қазақстан ұлттық құрамасы ұшып келді, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігі.
Спортшыларды Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері мен жанкүйерлер қарсы алды.
Спорт – бақ пен бап қатар жүретін сала. Төрт жылда бір келетін дүбірлі додада бар күштеріңізді салып, жігерлеріңізді көрсеттіңіздер. Біз сіздерді қашанда қолдауға дайынбыз. Жарқын жеңістеріңіздің әлі де алда екеніне сеніміміз мол, – деді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова.
Естеріңізге сала кетейік, байрақты бәсекеде фристайл-могулда ұлттық құрама сапында алты спортшы ел намысын қорғады. Олардың қатарында Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхерд финалға жолдама алып, Юлия он бірінші, ал Дмитрий сегізінші орынға жайғасты.
baq.kz
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бүгін жарысқа кімдер шығады?
Келесі жаңалық
Қазақ елі Дулат Исабековті ақтық сапарға шығарып салды