Фристайл-могулдан әлем чемпионатында Қазақстан намысын жеті спортшы қорғайды

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz
17.03.2025 20:14
101
Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Энгадиндегі (Швейцария) әлем чемпионатына қатысатын құрамды жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҰОК-ға сілтеме жасап.
Биылғы маусымның ең ірі жарысында еліміздің намысын жеті спортшы қорғайды: Юлия Галышева, Анастасия Городко, Юлия Феклистова, Павел Колмаков, Антон Бондарев, Федор Бугаков, Максим Емельянов.
Іріктеу кезеңі 18 наурызда өтеді. Негізгі жарыстар 19 наурызда басталады. Параллель могулдағы жүлделер 21 наурызда сарапқа салынады.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Қостанай облысында мұз жару жұмыстары басталды