Фристайл-могул: Анастасия Городко Әлем кубогында жүлдегер атанды

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
01.03.2025 19:07
110
Қазақстандық спортшы Анастасия Городко фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортшы параллель могулда үшінші болып мәре сызығын кесті. Кіші финалда ол америкалық Тесс Джонсоннан басым түсті.
Айта кетейік, ширек финалда Городко командаласы Юлия Галышеваны жеңді. Ал жартылай финалда АҚШ өкілі Джейлин Кауфқа жол берді, кейін Кауф жарыстың жеңімпазы атанды.
Күміс жүлдені жапониялық Рино Янагимото иеленді.
Бөлісу:
