Фристайл-акробатикадан іріктеу кезеңінің өту мерзімі өзгерді

14.02.2022 11:03
1785
Бейжің Олимпиадасында фристайл-акробатикадан әйелдер арасындағы іріктеу сынының басталуы уақыты өзгерді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты жарыс кейінге шегерілді. Алғашқы жоспар бойынша, бәсеке 13 ақпан күні 17.00-де басталуы тиіс болатын.
Енді жарыс 14 ақпанда өтеді. Басталу уақыты кейін белгілі болмақ.
Айта кетелік, бұл бағдарламада Қазақстан атынан Ақмаржан Қалмұрзаева мен Жанбота Алдабергенова сынға түседі.
baq.kz
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Абзал Әжіғалиев Бейжің Олимпиадасында үздік төртікке енді
Келесі жаңалық
ФИФА вице-президенті Шандор Чаньи ҚФФ кеңсесіне келді