Фристайл-акробатика: қазақстандық қыздар Азиаданың қола жүлдегері атанды
![Фристайл-акробатика: қазақстандық қыздар Азиаданың қола жүлдегері атанды Фристайл-акробатика: қазақстандық қыздар Азиаданың қола жүлдегері атанды](/storage/storage/element/2025/02/11/mainphoto/141939/1200xauto_yPg98LsSTCBXeNCAB8rfBk6xz03H2CkNx9gJ1uN4.jpg)
Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
11.02.2025 09:03
230
Фристайл-акробатикадан Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аяна Жолдас пен Ардана Маханова синхронды секіруде үшінші нәтиже көрсетті.
Бірінші орынды Қытай құрамасы иеленді. Екінші орынға да қытайлық спортшылар жайғасты.
Осылайша, фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының еншісінде үш медаль бар. Бұған дейін Аяна Жолдас жекелей сында қола жүлде еншілесе, аралас команда күміс медаль жеңіп алған болатын.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Лихтенштейнде алғаш рет үкіметті әйел адам басқарады
Келесі жаңалық
Қазақстанда былтыр 368 мыңнан астам сәби өмірге келді