Фристайл-акробатика: Дінмұхаммед Райымқұлов Еуропа кубогында екі медаль жеңіп алды

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
07.04.2025 14:32
149
Айролода (Швейцария) фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы аяқталды. Қазақстандық Дінмұхаммед Райымқұлов бұл жарыста екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сайыстың бірінші күнінде Райымқұлов бірінші орынға бір қадам жетпей қалды. Ол екінші орынға ие болып, тек Максим Кузнецовқа (Украина) ғана жол берді.
Екінші күні қазақстандық спортшы алтын медаль жеңіп алды. Дінмұхаммед шешуші кезеңде 96,58 ұпай жинады.
Бөлісу:
