Жаңалықтар

Францияда өтетін Worldskills әлем чемпионатына Қазақстанның дайындығы қандай? Сарапшы пікір білдірді

Францияда өтетін Worldskills әлем чемпионатына Қазақстанның дайындығы қандай? Сарапшы пікір білдірді
Фото: Коллаж El.kz 15.01.2024 18:19 2858

Жұмысшы мамандардың халықаралық WorldSkills чемпионаты бар. Қазақстан 2014 жылы осы қауымдастықтың 70-ші мүшесі болып енген. Содан бері тұрақты қатысып келеді. Жалпы, елімізде 90 өңірлік және 7 республикалық Worldskills чемпионаттары өткізілді. Аталған конкурсқа қатысушылардың саны 309-дан 535-ке дейін артқан. Ал осы бағыттағы сарапшылар саны 200-ден 600-ге дейін көбейді. Бұл – Worldskills әлем чемпионатына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.  El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Қазақстан құрамасын Worldskills әлем чемпионаттарына дайындайтын халықаралық сарапшы Самир Керимовпен сұхбаттасты.

Айта кетейік, былтырғы жылы Қазақстан ұлттық құрама командасы EuroSkills чемпионатында үздік нәтиже көрсетіп, екі медальді қоржынымызға салды. Жарыста әлемнің 32 елінен 25 жасқа дейінгі 600 мықты жас мамандар бақ сынаған.

Ұлттық құраманы жаттықтырып, басы-қасында жүрген азамат – Самир Керимов. Ол 2016 жылдан бері WorldSkills бойынша ел чемпионаттарына қатысушыларды жаттықтырып келеді. Әр жылы жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін барын салады. Бүгінде Самир «Мехатроника» құзыретіндегі халықаралық сарапшы, WorldSkills әлем және Еуропа чемпионаттарына «Мехатроника» құзыретіне қатысушыларды дайындайды.

Францияда өтетін Worldskills әлем чемпионатына Қазақстанның дайындығы қандай? Сарапшы пікір білдірді

Алдымен сарапшы «мехатроникаға» тоқталып, түсінік бере кетті. Айтуынша, «Мехатроника» қазіргі заманғы бағыттардың бірі және бүкіл әлемде белсенді дамып келеді. Соның ішінде Қазақстанда кейбір колледждер мен университеттерде осы бағытты оқыту үшін тиісті жабдықтар сатып алынды.

Егер біз мехатроника туралы қарапайым тілмен айтатын болсақ, онда кез-келген өнім шығарылатын өндіріс немесе зауытты елестетіп көрейік. Мысалы, біз бәріміз теледидардан кем дегенде автомобиль қалай шығарылатынын, оған есіктер, әйнектер қалай салынатынын, роботтардың қалай дәнекерлейтінін көреміз. Мұның бәрі адамның қатысуынсыз болады және автоматтандырылған процесс. Бұл мехатрониканың бір мысалы, мұндай процесс механика, электрика, пневматика, гидравлика және бағдарламалау сияқты бағыттарды қамтиды. Ал осы саланың маманы осындай конвейерлік желілерге қызмет көрсете білуі, олардың механикалық бөліктерін жинай білуі, электр бөлігін қосуы, гидравликамен жұмыс істеуі, әртүрлі схемаларды, электриктер мен пневматиканы оқи білуі, деректерді бағдарламалай білуі керек, – дейді Самир Керимов.

Ал Worldskills – әлемде бар барлық жұмысшы мамандықтары бойынша жастар арасында үздік саланы анықтауға бағытталған әлемдік қозғалыс. Сіз наубайшы, токарь, бағдарламашы, дәнекерлеуші немесе робототехник боласыз ба,  маңызды емес. Олар барлық жұмыс мамандықтары бойынша өз істерінде үздіктерді таңдайды. Бұл бағытта Еуропа чемпионаты да бар және әлем чемпионаты әр уақытта екі рет өткізіледі. Бүгінде Қазақстан – осы қозғалыстың толыққанды қатысушысы болды.

Жұмысшы мамандықтары бойынша Қазақстандағы алғашқы чемпионат 2016 жылы өтті. Самир Керимов мехатрониканың осы құзыретіне алғаш рет қатысушыларды дайындады. Алғашында үлкен нәтижеге қол жеткізе қоймаған олар мұнымен тоқтап қалмай, қателіктер үшін жұмыс істей бастады.

Біз сол кезде мынаны түсіндік. Үлкен бір нәтижеге жету үшін бізге Германиядан қажетті құрал-жабықтарды сатып алу керек. Содан кейін белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге болады деп ойладық. 2017 жылы өтетін чемпионатқа мен қатысушыларды дайындап қойдым. Осы құзыреттілікте өзім дайындаған жастар Қазақстандағы Волл республикалық чемпионатында бірінші орынға ие болды және Әбу-Дабиде өтетін әлем чемпионаты тікелей жолдама алдық. Біз әлем чемпионатына бірінші рет қатыстық. Қазақстан құрамасы бұған дейін бұл аренаға шықпады, ал біз үшін бұл үлкен тәжірибе болды. Өйткені чемпионат деңгейі Қазақстанда өткізілгеннен әлдеқайда жоғары өтті, - дейді сарапшы.

Ол сондықтан дайындалу да қиынға соқты. Әлем чемпионатынан оралған соң біз әлемдік аренада өзімізді тағы да көрсету үшін дайындала бастадық. Қазақстанның барлық өңірлері барлық құзыреттер бойынша өз қатысушыларын дайындады деп отыр.

 2018 жылы мен екі адамнан тұратын жаңа команда дайындадым олар World Skills Қазақстан республикалық чемпионатында бірінші орынға ие болды және 2019 жылы Қазан қаласында өткен әлем чемпионатына жолдама алды», – дейді Самир Керимов.

Осыдан соң  Қазақстан құрамасы әр түрлі елдерге барып дайындала бастаған. Ұлттық құрама Беларусия, Мәскеуде, Франция мен Австрия елдерінде болып, тағылымдамадан өтті. Әрине, мұның бәрі белгілі бір деңгейде нәтижесін берді. 2019 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы мехатроника құзыретінде тарихта тұңғыш рет Medal for Exellence медальонын жеңіп алды. Мұндай марапат Қазақстан құрамасында алғаш рет және бұл құрама үшін мехатроника саласындағы үлкен жетістік болды.

Францияда өтетін Worldskills әлем чемпионатына Қазақстанның дайындығы қандай? Сарапшы пікір білдірді

Әлем чемпионатынан оралған соң, біз жыл сайын мехатроникадан Қазақстан чемпионаттарына дайындықты жалғастырдық. Сонымен бірге өткен жылдардағы жеңімпаздарды тартып, оларға көмектесіп, өз тәжірибемізді жаңа қатысушыларға табыстадық. 2023 жылы біз Гданьск қаласында Польшада өткен Еуропа чемпионатына қатыстық. Бұл чемпионатқа біз бір жылға жуық дайындалдық нәтижесінде Қазақстан атынан қатысқан біздің команда мехатроника құзыретінде Еуропаның үздік бестігінен көріндік. Мұнда біз кәсіпқойлық үшін медальон жеңіп алдық және Еуропаның 18 елінің ішінде мехатроника құзыретіндегі үздік бестікке ендік. Еуропа чемпионатында мұндай нәтижеге Қазақстан алғаш рет қол жеткізді, – дейді Самир Керимов.

Қазіргі уақытта Самир Керимов WorldSkills чемпионатына болашақ мамандарды дайындайды және білім беру жүйесінде жұмыс істейді. Сонымен қатар, Қазақстандағы мехатроника құзыретінің бас сарапшысы және еліміздің әр өңірінен колледждер мен ЖОО-ның барлық студенттері қатыса алатын республикалық деңгейдегі чемпионаттарға арналған тапсырмаларды әзірлейді. Бұдан өзге халықаралық сарапшы бола отырып, Қазақстан құрамасын халықаралық чемпионаттарға дайындап келеді.

Сарапшы мемлекет тарапынан аталған салаға қолдау барын айтты. Мәселен барлық қажетті құрал-жабдықтар мен оқу-жаттығу жиындарына керек техникалар сатып алынады. Командаларды даярлауға арналған оқу-жаттығу лагерлерінің өзі мемлекеттің қолдауымен құрылған. Еуропа чемпионаттарына және әлем чемпионаттарына қатысқан кезде Қазақстан құрамасының басқа елдерде ұшу және тұру ақысын мемлекет төлейді. Десе де, бұған қарамастан белгілі бір қиындықтар бар көрінеді.

Әлемдік чемпионаттарды айтқанымдай, мехатроника құзыретінде Германияда өндірілетін жабдықтар қолданылады. Бұл жабдық өте қымбат және қазіргі уақытта командаларды халықаралық чемпионаттарға дайындаған кезде біз республикадағы әртүрлі колледждердің балансында тұрған жабдықты пайдаланамыз. Яғни, бәрі бірдей емес. Әрине, бұл жабдық оқу процесіне қатысатындықтан, амортизациялық тозуға ие. Біздің болашақ мамандарымыздың дайындық деңгейін арттыру және уақыт өте келе жаңа жабдықты жыл сайын сатып алу қажет болады, – дейді Самир Керимов.

Ал еліміздің барлық оқу орындары мұндай сападағы жабдыққа қол жеткізе алмайды. Сондықтан олардың ұлттық құрамаға мемлекет қолдауын күшейтсе деген жалғыз тілегі бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға