Францияда Олимпиада ойындарына арналған мерейтойлық монеталар шығарылды
Фото: monnaiedeparis.fr
Фото: monnaiedeparis.fr
19.05.2023 14:32
997
Париждің монета сарайы 2024 жылы өтетін Олимпиада ойындарына арналған мерейтойлық монеталар шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Алтын мен күмістен жасалған монеталарда олимпиадалық маскот саналатын Фриж бейнеленген. Коллекцияға 10 еуролық 9 күміс, 50 еуролық 2 күміс және алтыннан жасалған 2 монета енген.
Олардың арасындағы ең қымбатында Фриж Францияның тарихи символы болып табылатын Марианнаның иығында отыр. Тиражы 75-тен 5 мың данаға дейін жасалады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға