Фоторепортаж: соғыс жылдарынан жеткен жәдігерлер

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери музейі, елдің тарихи-мәдени мұрасын сақтауға және жастарға патриоттық тәрбие беруге бағытталған маңызды нысан. Музей 2015 жылдың 1 желтоқсанында Астана қаласында Қорғаныс министрлігінің бастамасымен ашылды.
Бұл музей Қазақстанның әскери тарихын зерттеуге арналған және Отан қорғаушылардың ерліктерін ұлықтайтын орынға айналған. 1941-1945 жылғы Екінші дүниежүзілік соғысына қатысты да құнды жәдігерлер бар. Ендеше назарларыңызға музейден фоторепоратаж ұсынамыз.
Музейдің бір залы Ұлы Отан Соғысы жылдарына арналған. Бұл залда соғыс кезінде қолданылған қару-жарақтар, әр түрлі каскалар, майдан даласында ерлік танытқан сарбаздардың медальдары мен басқа да тарихи жәдігерлер ұсынылған.
Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде қолданылған қару-жарақтар – бұл залдың басты экспонаттарының бірі. Әрбір қару өз дәуірінің қажеттіліктерін көрсетеді, сол кезеңдегі жауынгерлердің батырлығы мен қайсарлығының символына айналған. Әр түрлі каскалар сол кезеңдегі әр түрлі әскери бөлімдердің ерекшеліктерін байқатады. Бұл экспонаттар тек әскери жабдықтарды ғана емес, сонымен қатар сол замандағы жауынгерлердің жанқиярлығын да көрсетеді.
Ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың домбырасы – бұл экспонат ерекше назарға лайық. Домбыра майдандағы жауынгерлерді рухани қолдау мен күш берген құнды мұра. Ол сол кездегі батырлардың ішкі рухын, елдің азаттық жолындағы күресін еске салады.
Рейхстагқа Кеңес Одағының туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың тарихи сәті де музей экспозициясының маңызды бөлігі. Бұл сәт соғыстың ең шешуші кезеңдерін бейнелейді, ал Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі – әлемдік тарихтағы ұлы жеңістің символы болып саналады. Бұл сәттің суреті мен оның тарихи маңызы музей келушілеріне сол батырлықтың айқын дәлелін көрсетеді.
Соғыс жылдарындағы сарбаздардың жеңістері мен ерліктері медальдармен бағаланған. Бұл медальдар сол кезеңдегі жауынгерлердің өз Отанына деген адалдығы мен ерлігін дәріптейді.
Музей әрқашан жаңашыл көрмелер мен тарихи құнды жәдігерлермен толықтырылып отырады. Оның есіктері қызығушылық танытқан барлық жандарға ашық. Әскери-тарихи музейдің экскурсоводтары келушілерді жылы қарсы алып, барлық сұрақтарға жауап береді. Музейде әрқашан естелік суретке түсуге мүмкіндік бар.
Бұл музей тек өткенді еске алу үшін ғана емес, жастарға әскери қызметтің маңызын түсіндіру, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру мақсатында да маңызды рөл атқарады.
Суреттер: ©El.kz/Диана Орынбасар
