FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысты

Фото: ©AP/Armando FRANCA
Фото: ©AP/Armando FRANCA
09.06.2023 17:35
654
Семейден ұшуы тиіс FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
09.06.2023 жылы Семей - Алматы бағытындағы КС7152 рейсін орындаған әуе кемесі құстармен соқтығысуына байланысты кешігіп жатыр, - делінген әуе компаниясы таратқан мәліметте.
Ұшу 9 маусым күні Семей қаласының уақытымен 22:30-ға ауыстырылған.
Рейстердің кешігуін және орындалмайтынын ескертуге қатысты қолымыздан келген шараның бәрін қабылдап жатырмыз. Дегенмен бір жайтты бақылауда ұстау мүмкін емес. Әуе рейсінің кешігуіне әуе компаниясының кінәсі жоқ, - делінген мәліметте.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Балқашта төтенше жағдай жариялануы мүмкін
Келесі жаңалық
Ақтөбеде ер адам тереңдігі 3 метрге жуық құдыққа құлап кетті