Жаңалықтар

FlyArystan компаниясының басшысы қызметінен кетеді

FlyArystan компаниясының басшысы қызметінен кетеді
Фото: ©El.kz/Нуркен АЛИШЕВ 25.04.2024 14:07 1683

Air Astana өзінің еншілес бюджеттік бөлімшесі FlyArystan компаниясының президентi Адриан Хэмильтон-Маннс қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол отбасымен көбірек уақыт өткізу үшін Оңтүстік Африкаға оралуды көздейді.

Ол өз міндетін мамырдың соңына дейін атқарады.

Air Astana тобының бас атқарушы директоры Питер Фостер кадрлық өзгерістер туралы былай дейді:

Адрианның компаниядан кету туралы шешімін өкінішпен қабылдадық, бірақ ол отбасына байланысты осындай шешім қабылдағанын түсінеміз. 2020 жылдан бері FlyArystan стартаптан 19 ұшақ паркі бар, кірісі айтарлықтай жоғары, географиялық қамту жағынан да дамыған әуекомпанияға айналды. Адрианға төрт жылдық басшылық кезіндегі жетістіктері үшін алғыс айтып, оған бар жақсылықты тілейміз.

Леджер 2009 жылдан 2017 жылға дейін Air Astana жаһандық сату жөніндегі директоры және 2017 жылдан 2022 жылға дейін маркетинг және сату жөніндегі вице-президент қызметін атқарды.

20 мамырдан бастап Адриан Хэмильтон-Маннстың орнын Ричард Леджер басады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға