Жаңалықтар

FlyАrystan-да тағы дау: Ләйлә Сұлтанқызы ұшақта оңбай жарақат алды

FlyАrystan-да тағы дау: Ләйлә Сұлтанқызы ұшақта оңбай жарақат алды
Фото: коллаж El.kz 14.08.2024 10:41 559

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы денсаулығына зиян келтіргені үшін Fly Arystan әуекомпаниясының үстінен арыз түсірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол оқиға туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

Мен Fly Arystan үстінен арыз жаздым! Ұшақтың есігі ашылмай, тұрып кеткен жанымдағы жолаушының абайсыздығынан бетіме үстіңгі сөреде тұрған ауыр (қатты) зат, отырған маған құлап, көзімнің тұсын жырып, қаьағым жарылды. Бұл әуекомпанияның қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан орын алған жағдай. Бортсеріктер мен әуекомпанияның алғашқы көмекке дайын емес болғанына қапа болдым! – деп жазды ол.

Тележүргізушінің айтуынша, әр бортсерік жолаушы мініп-түскенше адам денсаулығына жауапты, алғашқы көмек көрсетуге міндетті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға