Жаңалықтар

FlyArystan Алматыдағы оқиғаға қатысты пікір білдірді

FlyArystan Алматыдағы оқиғаға қатысты пікір білдірді
Фото: El.kz 09.02.2025 18:26 340

Бүгін Алматыдан Павлодарға бет алған ұшақ бортына 12 адам кіргізілмеген. Әуе компания жағдайды әуежайдың ақпараттық тақтасындағы қателікпен байланыстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Овербукингке қатысты таралған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін және әуекомпания тәжірибесінде қолданылмайтынын хабарлаймыз.

2025 жылғы 9 ақпанда Алматы – Павлодар бағыты бойынша FS7131 рейсінің жолаушылары жергілікті уақытпен 14:10-да отырғызу гейтіне келді, ал ұшудың жоспарланған уақыты 14:20 болатын. Алайда, әуежайдың ақпараттық тақтасында орын алған жүйелік қателік салдарынан отырғызудың аяқталғаны туралы хабарландыру көрсетілмеді.

Осы ретте, рейске уақытылы келу – әр жолаушының жеке жауапкершілігі екенін еске саламыз. Әуекомпания қағидаларына сәйкес, жолаушылар ұшу уақытына кемінде 30 минут қалғанда отырғызу гейтіне келуі тиіс. Бұл кезекте, отырғызу уақыты мен гейті, сондай-ақ рейс статусын FlyArystan сайты мен мобильді қосымшасы арқылы тексеруді ұсынамыз, - делінген әуе компания ақпаратында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға