Жаңалықтар

«Fly Arystan» әуе паркі А320 ұшағымен толықты

«Fly Arystan» әуе паркі А320 ұшағымен толықты
Фото: ҚР ИИДМ 14.08.2023 13:44 767

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті отандық әуе компанияларымен бірлесіп әуе кемелер паркін ұлғайту және тасымалдау сыйымдылығын ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырып келеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Осылайша «Fly Arystan» жақында сыйымдылығы 180 орындық «А320СЕО» әуе кемесін алып, әуе паркін 16 ұшаққа дейін жеткізді.

ҚР ИИДМ мәліметінше, 2023 жылдың соңына дейін ұшақ санын 19-ға дейін жеткізу жоспарланған.

Әуе кемесін пайдалануға беру әуе компанияның тасымалдау сыйымдылығын арттырады, әуе билеттер кестесі мен ұсыныстарың уақытылы орындалуына оң әсер етеді, - делінген мәліметте.

Әуе кемелерінің паркін ұлғайту, тасымалдау сыйымдылығын ұлғайту және рейстердің кешігу санын азайту жөніндегі жұмыс жалғасуда және Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға