Fly Arystan әуе компаниясының паркі А320 ұшағымен толықты
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
29.09.2023 07:28
570
ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті еліміздің әуе компанияларымен бірлесе отырып, әуе кемелерінің паркін кеңейту және тасымалдау сыйымдылығын ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сыйымдылығы 188 орындық бұл ұшақ флоттағы 17-ші. Жылдың соңына дейін әуе паркін жаңа ұшақтарды қоса алғанда 19 ұшаққа дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Аталған шаралар әуе компаниясының тасымалдау сыйымдылығын арттырып, рейстердің уақтылы орындалуына оң әсерін тигізеді деп күтілуде.
Отандық әуе компаниялардың паркін кеңейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында екенін айта кеткен орынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ІІМ есірткі қылмысымен күресте жаңа әдістер қолданып жатыр
Келесі жаңалық
Бейнеу мен Сексеуілдің арасын жалғайтын жаңа жол салынады