Жаңалықтар

Философиялық ғылыми публицистика және Ғарифолла Есімнің қолтаңбасы

Академик, ғалымның қазақ публицистикасына қосқан үлесі
Философиялық ғылыми публицистика және Ғарифолла Есімнің қолтаңбасы
10.09.2017 12:47 8806

Қазақ руханиятында пәлсафалық һәм ұлттық менталитет, дүниетаным, дін, діл тақырыбында қалам тербеп, адамзатқа ортақ ғылым жасаған ғалымдар Тұран топырағынан да кенде емес. Абай мен Шәкәрімді айтпағанда Мәшһүр Жүсіп Көбейұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Ақжан Әл-Машани бастаған ғұламалар қазақ халқының күрделі ғылымдарының яғни философиялық ғылымдарының алғашқы әліппесін қалыптастырды. 

Мәшһүр-Жүсіп Көбейұлы – дін тазалығы, қазақ халқының діни түсінігі, наным-сенімі, кейбір діндегі нәзік ұғымдарды пәлсафалық тереңдікте тарқатып жазды. Жүсіпбек Аймауытұлы – философиялық тақырыптарды алғаш ұлттық түсініктермен негіздеп жазған ғалым. Әсіресе психология секілді күрделі ілімді көшпенді халықтың санасына сіңірген алғашқы зерттеушілердің бірі. Қазақ ғалымдарының ішінде Ә.Марғұлан, Ш.Уәлиханов секілді әмбебап ғалымдардың бірі – Ақжан Әл-Машани. Жер сыры (Астраномия), Әбжад (Сан, есеп сыралары) т.б аса күрделі екінің бірі бара бермейтін ілімдерді алғаш зерттеп теориялық негіз қалыптастырған ғалым. Ал, Әл-Машанидің философияға қатысы қанша деген сұрақ туса көкейіңізде, айталық адамзаттың екінші ұстазы Әл-Фарабидың философиялық дүниелерін қазаққа жеткізген әрі жеріне жеткізге зерттеп зерделеген ғалымның екеу болса – бірі, біреу болса өзі.

Ол Ақжан Әл-Машани екендігі рухани ортаға мәлім. Сондықтан біз аталған үш ғалымның еңбектерінде философиялық немесе пәлсафалық сарыны бар ғылыми публицистикалық шығармалардың авторы ретінде де танимыз. Бұл – алғашқы қарлығаштар. Кейінгі толқын Серікбол Қондыбай, Таласбек Әсемқұлов, Ғарифолла Есім, Ғұзхан Ақпанбет, Әбсәттар Дербесәлі қатарлы ғалымдарды ғылыми-философиялық публицистиканың өкілдері деп айта аламыз. Ал, қазіргі кезеңде біз Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, Мейірхан Ақдәулетұлы, Қайрат Жолдыбайұлы, Омар Жәлелұлы, Досай Кенжетайларды ойдың, таза ғылымның, діннің, ділдің төңірегінде философиялық сарыны басым публицист-ғалымдар деп білеміз. Бұл ретте медицина һәм құранды зертеп жүрген Абай Мауқараны да айтуға болады. Біз жоғарда біраз ғалымдардың атын атап өттік. Аталмыш ғалымдардың ғылыми публицистиканың өкілдері екендігін дәйектей түсу үшін шағын аңдатпа бере кетсек. Мысалы: Серікбол Қондыбай «Арғықазақ», «Есенқазақ», «Шолпанқазақ», «Гипербория», «Түс көрген заман» секілді мифологиялық пәлсафасы терең ғылымның қыр-сырын алғашқы болып зерттеді (орыстың ғылымына бір жақсы жері бар, олар аңызды – миф дейді. Ал атақты аты аңызға айналған адам я оқиғаны легендарный дейді. Біз сөз таппағандай мифті де, легенданы да аңыз дейміз. «Аңыз адам» дейміз. Болашақ ұрпақ шатаспас үшін басын ашып алатын термин).

Мифологияда діни һәм ұлттық дүниетаным арқылы философиялық ұғымдар арқылы шығарылатын шешімдер болса, осы тұрғыда біз мифолог ғалым Серікбол Қондыбайдың шығармашылығында ғылыми-пәлсафалық публицистикалық сарын бар деп айта аламыз. Ал, Таласбек Әсемқұловқа келсек Тәкең әмбебап ғалымдардың бірі. Прозалық шығармаларындағы философиялық толғаныстарға толы шығармаларын қоспағанда кез келген мақаласының өзі терең метафоралық ойларға құрылған күнделікті өмірде көріп жүрсек те елемей өтетін детальдардың да философиялық мәнін аша түсетін туындыгер. Мысалы: «Перінің қызы Бекторы» философиялық шығарма дер едім. Бұл ретте Төлен Әбдіктің де философ жазушы екендігін айтпай кетуге болмас.  Ғұзхан Ақпанбеттің шығармашылығыда күрделі ілімдерге толы өзгеше ғалымдардың бірі. Ақжан Әл-Машанидің ізбасары. Әбжад тақырыбы және ұлттық дүниетаным мәселелеріне кеңінен қалам тербеп жүрген ғалымдардың бірегейі. Дін, діл, ұлттық педогогика жөнінде сүйекті материялардар жазған ғалым, бұрынғы бас мүпти Ә.Дербесәлі. Осы ғалымдардың бәрі бір ойды айтқысы келеді. Ол адамгершілік, мән, дін, діл. Ғалым әр түрлі болу мүмкін бірі әдебиетші, бірі мифолог, бірі теолог бірақ ақиқат біреу. Ол ұлы Алланың ілімі. Ар ілімі. Енді Ар ілімі демекші осы жерде Ғарифолла Есімнің аталмауы мүмкін емес.

Шәкәрімнің ар ілімін зерттей отырып, ғалым өзіндік түсінігінде айтады. Біз жоғарыда біраз ғалымдардың атын атап, түсін түстедік осы ғалымдардың ішінінен Ғарифолла Есімді таза философ ретінде танимыз. Ол батыс пен шығыстың философиясын теориялық негізін өзіне сіңірген ғалым. Тақырыптың өзі айтып тұрғандай бірінші ғылыми-философиялық публицистика деген не және оның мән мағынасын аша түсу үшін біз қазіргі кездегі біраз ғалымдардың еңбегін талдап-таразылай түспекпіз. Жазушы Әбіш Кекілбайұлының бір мақаласы бар еді «Бір түрлі ақын» жайлы бір түрлі мақала» деген. Ол мақалсанда ақын, Тыныштықбек Әбдікәкімұлының шығармашылығын бағамдай отырып «Бір түрлі ақын» деп бағалайтыны бар еді. Сол абыздың айтқанындай қазіргі бір топ ғалымдардың ішінде біз атаған ғалымдардың «Бір түрлі ғалымдары» бар. Оның ішінде Тыныштықбектің өзі де бар. Оның «Қассақ аңқымасы» шығармасы толған философиялық трактат немесе ұлттық дүниетанымның ең күрделі нәзік метафизикалық ұғымдарға құрылған «бір түрлі» еңбек. Осыған ұқсас Мейірхан Ақдәулетұлының «Бүгінгінің қасіреті философиядан үстем» деген мақаласы да біз атап отырған философиялық пулицистиканың көрінісі. М.Ақдаулетұлы мәдениетпен философияны былай түсіндіреді: «Мәдениет деген ұғым жұмыр басты пенденің барлығына белгілі болғанымен, мәдениет туралы түсінік бір арнада тоғыса алмайды. Себебі, әлемдік философия бір-бір «сынығын» иемденіп алып, «шындық!» деп дәлелдеп жүрген, «кіндігін Алла ғана кескен ақиқаттың» төрт құбыласы түгел пошымын ешкім де әспеттеп бере алмайды. Абайша айтсақ, «Алла деген сөз жеңіл». Сөз ғана. Ал Гетеге сүйенсек, ойсанасы қортық кісі Құдайды да қортық санайды», - дейді.  Теолог-ғалым Қайрат Жолдыбайұлыныңда дүниетанымға қатысты мына еңбектерін атауға болады.

Сонымен қатар, Досай Кенжетай дінтанушы ғалым ретінде кейбір діни мақаларында да пәлсафалық астардың жататындығы анық. Сондықтан Досай ғалымның да мақалаларында философиялық сарыны бар деуге болатын секілді. Ал, Омар Жәлелұлы ол бірінші филолог, екінші философ ғалым. Оның көптеген сұхбаттары мен жазған мақалаларында философиялық терминдермен, пәлсафалық тұжырымдарға сүйене отырып сөйлейтіндігін байқаймыз. Мұны да ғылыми философиялық публицистика деп топшалауымызға толық негіз бар деген сөз. Осы ғалымдардың барлығы бір қазақ руханияты үшін қазақ халқының маңдайына ғылым болып тууды тәңірі жазды. Әр түрлі ғалым саласында жүргенімен айтар ой бір ұлы ақиқат. Олар да тек форма немесе жанр. Бәрін биіктен қарай алатын аспап болғанда осы ғалымдардың руханият, ақиқат, ғылым деген терінің әрі қайсы әр пұшпағын илеп жатқандығын көрер едік. Тіптен осы аталмыш ғалымдарың ішінде бір біріне көз қарастары мүлде қайшы тіптен бір жерде отырып шай ішуге де келмейтін жағдай болу мүмкін. Ол өмірдің заңдылығы. Әрі бұл ғылымның жетілу жолдарының бірі. Ғылымда диалектика болмай ол ғылым болмай шығады. Осы ғалымдардың бәрі Ғарекеңе бейтаныс емес, пікірлес, рухтас ғалымдар. Абай, Шәкәрім шығармасының философиялық мәнін зерттеген алғашқы ғалымдардың бірі.

Әулие Мәшһүр-Жүсіптің ауылдасы бір ауаны жұтқан киелі Керекудің топырағынан. Досай Кенжетай, Қайрат Жолдыбай секілді ғалымдармен диалогтасып та жүргендігін білеміз. Абайтанушы ретінде де Омар Жәлелұлымен пікірі бір жерден шығып жататыны бар ол ақиқатқа жақындай түсуді меңзейді әрине.  Қазақ руханиятындағы айтулы ғалымдарымыздың біразына шағын шолу жасап шықтық. Бұл бәрі деген сөз емес, біз білмейтін осы типтегі әлі талай ғалымдар бар болуы мүмкін. Өзім оқып білген ғалымдардың ішіндегі осы ғалымдардың еңбегі, рухани тынысы менің дипломдық тақырыбымның басты кейіпкері Ғ.Есіммен үндес, кейбірі ұқсас деуге болатын ғалымдар. Жоғарыда біз таным түсінігіміздің жеткен жеріне дейін публицистиканың философиялық һәм ғылыми еңбектер жазған ғалымдарды Ғ.Есіммен салысытыра отырып азды көпті зерттеп шықтық. 

Әдебиеттің жанрлары – драма мен лириканы алайық. Драма жанрының трагедия және комедия атты екі түрі бар. Немесе лирика жанры: сонет, арнау, романс, эллегия, тағы басқа осы сияқты бірнеше түрге бөлінеді. Олай болса, публицистиканың да осындай үлкенді-кішілі жанрлары, оның түрлері бар. Сөйтіп, публицистикалық шығармалар мынадай үш түрлі жүйеге бөлінеді: публицистикалық хабар, талдамалы және көркем публицистикалық жанрлар.

Ғ.Есім драматургиясындағы көркемдік ерекшелігін әдебиетшілер айта жатар, біз осындағы көтерген мәселесі мен пәлсафалық ойына тоқталсақ. Жазушы Ғарифолла Есімнің «Таңсұлу» атты новелласының желісімен Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында пьесасы қойылды. «Бірнші бөлімінде ұлттық тақырып қазақ қызының тағдыры, ертеңгі ел анасы толықсып бой жетіп, ұзатылғалы отырғын атына заты сай Таңсұлудың бейнесі өткен ғасырдағы қазақ қыздарының басынан өткен тағдыр-талайындағы нәубеті бейнелейтін жиынтық образды көрсеткен. Тұтқынға түкен ару өз сұлулығы мен  жастығын тәрк етеді. Ұрпағын аман сақтап махаббатына адал болады. Қанша басына қасіреті мол күн туса да үлына бабалар рухын жырлайды. Пьеса көрермендерге тарихи маңызымен ғана емес көркемдігімен екрекшеленді. Киім, ән, би, заманауи технология пьессаның мәнін кіргізе түсті.  Ұлттық арнаның тілішілеріне берген сұхбатынада академик былай дейді: «Таңсұлу өзі мені таң қалдырған тұлға. Тарихи тұлға. Қазақтың қызы қиын жағдайда ел басына күн туғанда не бере алады. Бүгінгі пьессадан соны іздеймін. Иншалла сол шығадам деп ойлаймын. Таңсұлу қазақ жастарына керек». Философ-ғалым Ғарифолла Есімнің телерадиода берген сұхбаттары мен соңғы жылдардағы көтерген соны тақырыптарынан тың ой, жаңаша көзқаратарды көптеп кездестірдік.

Газет-журнал, жалпы, баспасөздегі публицистикалық мақалалары, соның ішінде ғылыми-философиялық материалдары ұшан-теңіз. Ол өз алдына бір төбе. Ал «Хакім Абай» мен «Данышпан Шәкәрім» атты үлкен екі монографиясы Ғарифолла Есімнің шығармашылығындағы арқан көтерген тұсы болса керек. Оны да сөз арасында айта кетіуді дұрыс деп ұйғардық.  Абай әлеміне терең бойлаған Ғ.Есім БАҚ-тың барлық салаларына Абай мұраларын кеңінен насихаттап, ұлттық руханиятқа да сүбелі үлес қосқан ғалым.  Хакім Абайдың 150 жылдығына арнап  1995 жылы Қазақ радиосында философ-ғалым Ғарифолла Есім мен белгілі радиожурналист Кемелбек Шаматай Абайдың 45 қара сөзінен алғашқы болып циклді дәріс радиохабарын эфирге шығарды. Қазақ радиосы бұл радиохабарды кейінгі жылдары тағы да бір қайталап эфирге берді. Бұл тұс Қазақ радиосының «Алтын дәуірі» еді. Радиохабардағы Ғарифолла Есімнің респондентік шеберлігі, сөз қолданысы, тіл тазалығы тыңдарманды еріксіз баурап алуы басқа да ізденістері радиожурналитикасының теориясы негізінде жіктеп шағын экспериментер жасалды.

Абайдің бір сөзі бар еді: «Елді түзегің келсе, қолыңда билік я байлық болмаса елді түзеймін деген бос әурешілік» дейтін. Ғарифолла Есім Абайды жата жастанып оқып, оның палсафалық ойын түсіндіріп беретін ғалым ғана емес,  жалпы Абай ғақылиясын өмірлік ұстанымы ретінде ұстанған ғалым десек те болатын шығар. Себебі философ-ғалым Ғарифолла Есім қоғамға әсер етіп, қоғамдық пікір қалыптастыру үшін кей қатып-семіп қалған қағидаттарды бұзу мақсатында биіктен сөйлеуді жөн көрді. Солай билікке (үкіметке) келді. Онсыз көсемсөздің дәрменсіздігін білді. Сондықтан  да қоғамның күрделі мәселесінің дер кезінде күрмеуін ағытып, талмауырын тұсының тамыр соғысын тап басқан сайын көсемсөзінің құны арта түсті. Асқар Сүлейменовтің бір сөзі бар еді: «Меніңше, цивилизация сияқты мың сан үйірден тұратын ұлы ұғымның ішіндегі алмауыты осы – ойлана білу, оның мәдениеті. Бұл болмайынша ұлттық сананың ілгерлеуі қиын: бұл болмайынша манағы айтқан еркіндігіңіз саяси-философиялық түсіндірме сөздіктердің ішіндегі жеті жол ергежейлі петит болып қала береді» - дейтін.

Аталмыш саяси-философиялық, ұлттық сана, жаңаша ойлау, еркін ойлау біздің жоғарыдағы ойымызды кемеңгер А.Сүлейменов қуаттай түскендей. Бұл этапта сенатор Ғарифолла Есімнің қоғамдық пікір қалыптастыра алуы және оның шығу жолдарындағы мүмкіндігі; Кей күрделі сұрақтарға жауап іздеуі; Басқа да публицистерден бір ерекшелігі әрі артықшылығы қолдағы билік пен телерадионың оперативный (жедел) мүмкіндігін пайдалана білуі – Ғарифолла публицистикасының өткірлігі. Міне, осы тұстар ғылыми сараптауға түспек.  Абай ақиқаттын тануы мен өткенге баға беруде Ғарифолла Есімнің тұжырымдары рухани ортаны бейжай қалдырмағаны белгілі. Баспасөз беттеріндегі эсселері мен телерадиохабарлардағы берген сұхбаттарының өзегіндегі философиялық толғаныстар; ғылыми публицистиканың танымдық платформадағы сипаты тағысын тағылар қазақ көсемсөзіне келіп қосылған тың сүрлеу, жаңа ізденіс. Ғарифолла Есім публицистикасындағы саяси филасофиялық шындықты жеткізудегі шеберліктері мен ойды аңғартудағы әдіскерліктеріне талдау жүргізу -  әрқайсысы үлкен-үлкен зерттеуді талап ететін мол мұра.  Жаңа заманда казақ ішінен шыққан философтардың бірі Ғарифолла Есім екені көпшілікке аян. Ғарифолла Есім шығармашылығы сан алуан. Бірінші ол философ, өз тұжырымдары мен ұстанымы, ұғымы бөлек, қағидаттары бар ойшыл. Универсал шығармашы десек, топшысына түсетін секілді. Ғарифолла шығармашылығы философия, абайтану, саясат, мәдениет, әдебиет және публицистикасы деп ең кемінде 6-7 салаға бөлінеді.  Ғ.Есім – Қазақстан Журналистер Одағының С.Сәдуақасов атындағы сыйлықтың иесі (1994 жылы). Бұл жұмыста телерадиодағы материалдары негізінде Ғарифолла Есімнің публицистік қырын талдап-таразыламақпыз.   

"Көп мәселені аңғарып, біліп, түсініп, санама салып, зерделеп шықтым. Гегель бірден қабылдауға ауыр болғандықтан, көбінесе, публицистикалық сарында жазылған Фридрих Энгельс еңбектерін көп қарастырдым, одан бертінде қаптаған маркстік бағыттағы кәсіби философтардың еңбектерін оқу қажет болды, оқыдық. Біразын ауызба-ауыз тыңдадым. Қайсыбірімен аралас болдық. қысқасы, марксизм ауылында біршама жүрдік. Арбамызға артқан жүгіміз көп болды. Енді бүгінде сол жүктерді реттестіріп отырсақ, керегі бары да, керегі жоғы да баршылық екен. теорияны айқындайтын тәжірибе деген марксшілердің қағидасы бар, мәселені соған қарата айтсақ, бүгін заман тәжірибесі, адам тұрмысы, рухани қажеттілігі, келешек туралы тұжырымдар, бір сөзбен айтқанда, тәжірибе Маркс ілімін теріске шығарып отырғаны анық. Бірақ, ол денеге емес, санаға таңба болып сіңгендіктен, біршама ағайындар сол Карл Маркс, Гегельдерден алыс кете алмай айналшықтауда. Бұл үрдіс келешекте күш ала қоймас, егер күш алса философия қоғамдық сана ретінде марксшілер айтқандай, қоғамдық болмыстан мүлдем алыстап, қалғып кетпек. Оны әлем тілінде схоластика, софистика дейді. Әрине, бұл екеуі де логикалық қажетті тәсілдер, мәселе мөлшерде. Әр іс мөлшерден асса, өзін-өзі жоюға бағытталмақ. Менің айтып отырғаным, философия өзінің позитивтік, ізгілікті арнасынан өлі схоластикаға, шарасынан асып кеткен бағусыз су – софистикаға ұласып кетуі. Бұл қауіпті. Сократ айтқандай, білім де азық сияқты. Бүлінген азық ағзаға зиян, сол сияқты философияның бәрі білім, бірақ ізгіліксіз арнасын зерттейтін білім саласы – рухани тәбеттілікті бұзушы, зиянды, улы. Абай «қайғы шығар ілімнен» дегенде осындай ілімдердің улылығын айтса керек" - дейді. Енді философ-ғалым Ғ.Есімнің публицист ретінде қалдырған қол таңбасы немен ерекшеленеді десек, мен Ғ.Есімнің мына бір шағын эссесіне көз жүгіртелік. 

«Академик Зейнолла Қабдолов бірде маған:  –  Ғарифолла, философия деген әдебиеттің тереңі, – деп еді. Философия Әдебиеттің, Өнердің және Ғылымның тереңі. Меніңше философияның үш деңгейі бар: пәндік, ғылыми және ойшылдық. Соңғысында философия ойлау мәдениетіне ауысып, өзі мәдени феноменге айналады. Бұл тұста, ол логикадан метафораға жақын. Абай хакімдік туралы айтқан, ол «әрбір хакім ғалым, ал әрбір ғалым хакім емес» деген. Абай Сократты, Платонды, Аристотельді хакім деп таныған. Хакімдік –  ғылымның тереңі деген мағынаны білдіреді. Сірә, ертеректе айтылған  «философия ғылымдардың ғылымы, ғылымдардың патшасы» деген метафора философияның қандай құбылыс екенін ашатын шындық деген ойдамын».  «Тектілік деген не, осы? Тектілік – адам бойындағы асыл қасиеттердің парасаттылықтың үлгісі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа рухани сабақтастықпен берілуі! Соңдарына телегей теңіз әдеби мұра қалдырған Абай, Шәкәрім, Мұхтар, Қайым... Бірінен бірі өнеге алып, бірін-бірі толықтырып, рухани сабақтастықтың жібек жолын үзбей, кейінгі толқынға мұраларын табыстап келе жатқан ұлы көш. Бізде «Көргені жақсы көш бастар» деген жақсы сөз бар. Тектілерге қаратып айтылған сөз, бұл. Сол көштің жалғасындай Ғарифолла Есім келеді...» деген ақжолтай пікірді оқи отырып, жоғарда ғалымның өмірлік зерттеген трилогиялық (Хакім Абай, Данышпан Шәкәрім, Кемеңгер Мұхтар) ғылыми еңбегі мен бірге ғалымның өз шығармашылығын шарықтап, өзі де осынау ұлы қаракөктердің көш керуеніне ілескен тұлға ретінде қалыптастырғандығы андағайланып тұратындығы тағы бар. Ұлы уақыт сыншы әлі де сұрыптар. Абай «Жікшіл ел жетпей мақтайды» дейді. Ғарифолла Есімнің берері әлі де көп.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға