Жаңалықтар

ФИФА президенті Қазақстандағы футбол қай деңгейде екенін айтты

ФИФА президенті Қазақстандағы футбол қай деңгейде екенін айтты
Фото: ҚФФ 03.05.2023 19:33 885

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстан футболының қазіргі деңгейі туралы пікірін айтты. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан құрамасы туралы айтқанда, әуелі Дания құрамасын жеңгенімен құттықтағым келеді. Бұл өте күрделі ойын болды. Қазақстан Еуропадағы ең үздік құрамалардың бірін жеңді. Оның үстіне бұл өте маңызды матч болатын. Бұл жолдастық кездесу немесе қалыпты ойын емес еді. Әрине, Дания құрамасы бұл жерге тек жеңсек деп келген болатын. Бұл бір матч қана дегенімізбен, ондағы жеңіс мәдениеті бай жас мемлекеттеріңіз үшін символға толы болды. Елдеріңіздің өз деңгейін мақтан тұтатыны құрама командаларыңыздың ойынынан да көрініс тауып келеді, - деді Джанни Инфантино.

Оның пайымынша, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының іріктеу ойындарын өте табысты өткізген.

Елдегі бұқаралық футболға салынып жатқан инвестиция, Қазақстан футбол федерациясы мен Үкіметінің арасындағы тығыз байланыс саланы жемісті ете түседі. Бізде бірге қалай жұмыс істей алатынымыз туралы белгілі бір идеялар мен жоспарлар бар. Осының бәрі Қазақстан ұлттық құрамасының ойындарында көрініс табады. Қазақстан дұрыс жолда келе жатқанына сенімдімін. Соңғы жетістіктер – соның дәлелі, - деді ФИФА президенті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға