ФИФА әлем чемпионатындағы елдер санын 64-ке жеткізуі мүмкін

Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов
07.03.2025 11:45
420
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2030 жылы үш бірдей құрлықта өтетін әлем чемпионатына қатысушы елдер санын ұлғайту нұсқасын қарастырып жатыр. Бұл туралы The New York Times жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дереккөз мәліметінше, әлем біріншілігіне қатысушылар санын бірден 64 елге ұлғайту мундиальдің 100 жылдығының құрметіне жасалмақ.
Бұл ұсыныс ФИФА басшысы Джанни Инфантиноның қызығушылығын тудырған. Дәл осы Инфантиноның арқасында 2026 жылғы әлем біріншілігіне қатысушы елдер саны 32-ден 48-ге артты.
2030 жылғы әлем чемпионатын үш ел қабылдайды: Испания, Португалия және Марокко. Ал Уругвай, Аргентина мен Парагвайда бір-бір матчтан өтеді.
Бөлісу:
