Фейсбуктің негізін қалаушы Марк Цукерберг джиу-джитсу турнирінде жеңімпаз атанды

Фото: facebook.com/zuck
Фото: facebook.com/zuck
09.05.2023 10:15
1109
Фейсбуктің негізін қалаушы әрі әлемдегі ең дәулетті адамдардың бірі Марк Цукерберг өзінің алғашқы бразилиялық джиу-джитсу турнирінде екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Марк өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында жазба қалдырды. Ол Guerilla Jiu-Jitsu командасының атынан GI және NoGI дисциплинасы бойынша жүлдегер атанғанын атаған.
Джиу-джитсудан алғашқы рет додаға түсіп, guerrilla Jiu Jitsu командасы үшін алтын және күміс медаль жеңіп алдым. Мені дайындаған Дэйв Камарилло сынды білікті бапкерге мың алғыс, – деп жазды Цукерберг.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қару-жарақтар