Жаңалықтар

Ферроқорытпа зауытындағы оқиға: қылмыстық іс қозғалды

Ферроқорытпа зауытындағы оқиға: қылмыстық іс қозғалды
Фото: ©El.kz 21.07.2024 19:31 532

Қарағанды облысының әкімдігі ферроқорытпа зауытындағы тергеу барысы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдік мәліметінше, сегіз адам зардап шеккен Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін еңбек заңнамасы шеңберінде арнайы комиссия құрылды. Оны еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Мұрат Қарақекілов басқарды. Комиссия құрамына барлық уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері енгізілді.

Оқиға орны тексерілді, жазатайым оқиғаның куәгерлеріне сауалнама жүргізілді, техникалық құжаттамамен танысу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жұмыс облыс басшылығының үнемі бақылауында, - делінген мәліметте.

Оқиға фактісі бойынша ферроқорытпа зауытында ҚР ҚК 156-бабының 2-бөлігі бойынша «Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске салсақ, біз бұған дейін YDD Corporation ферроқорытпа зауытындағы №1 пештен кенеттен жалын шығып, кәсіпорынның 8 жұмысшысы әртүрлі дәрежеде жарақат алғаны туралы жаздық. Солардың алтауы жансақтау бөлімінде жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға