Фермерлер жеңілдікпен несие алады
Фермерлер ӘКК арқылы жеңілдікпен несие алу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) арқылы кредиттеудің жаңа арналарын қоса алғанда, 2025 жылға арналған далалық жұмыстарды ерте қаржыландырудың іске қосылатынын жариялады. Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, бұл тұқым себу науқаны кезінде қаржылық қиындықтарды болдырмауға көмектеседі. Сонымен қатар фермерлердің қызығушылығының артуына қарамастан әзірге тек 2 ӘКК аграршыларды қаржыландыруға белсенді қатысуда.
Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тарапынан ерте қаржыландыруға түскен өтінімдер көлемі 205 млрд теңгеге жетті, оның 125,6 млрд теңгесі қаржыландырылды. Бұған қоса, биыл жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бөлу жоспарлануда, бұл техниканы жаңартуға және ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттыруға ықпал етуі тиіс.