Жаңалықтар

Фанатиктерге Абай мен Шәкәрімнің өзі емес, сақалы керек - C.Шерімбек

Фанатиктерге Абай мен Шәкәрімнің өзі емес, сақалы керек - C.Шерімбек
Фото: instagram.com/msherimbek 17.10.2023 16:47 1003

Фанатиктерге Абай мен Шәкәрімнің өзі емес, сақалы керек. Бұл туралы ІТ саласының маманы, ғалым және блогер  Садық Шерімбек өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, дін фанатиктері қазақ зиялылары арқылы өздерінің мүдделерін қорғап жүр.

«Бір құдайға сыйындық» деп ойлайсыңдар-ау, бірақ оқып жүрген дінкеш көргем жоқ. Оқығанын көңілге ықыласпен тоқығандары жайлы мүлде айтпасақ та болады. Фанатиктер. Бұларға Ыбырай атасы осындай кезде қажет боп қалады өзі. Өздерін қорғау үшін. Сақалын дәлелдейтін кезде Абай мен Шәкәрім аталары керек. Аталарының өзі емес. Сөзі емес. Сақалы керек. Хиджапты дәлелдегісі келсе, күй шебері Дина әжелері қажет. Сол алпыстағы кемпірдің кимешегіне алты жасар қыздарды бүркегісі келеді. Домбырасы емес, кимесі қажет. Өзінің дінкәс пікірін дәлелдеу үшін ғана. Сол кезде ғана ұлтының атын тіліне алады. Басқа ниет жоқ. Ыбырайды да сол үшін пайдаланып жатыр. Ыбырайды қайтесіңдер? Ол мұсылман болса да, шоқынған болса да ҰЛТЫ үшін қызмет қылып кетті. Ұлтқа жаңаша ғылым-білім әкелді. Мектеп салды. Қазақ даласында қыздарды оқытты. Түсіндіңдер ме, дінкестер?! Қыздарды оқытты ол! Қазақтың қызметінде болды. Арабтың емес, - деп жазды С.Шерімбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға