Жаңалықтар

Falcon 9-дың жерге қону сәті (Панорамалық бейнетүсірілім)

Тарихи оқиға
11.05.2016 11:13 4152

Falcon 9 зымыран-тасығышының бірінші бөлігін жерге қайта қондыру — көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Сөзсіз бұл ғарышты зерттеу тарихында орын алған үлкен оқиға. Өйткені Space X компаниясының бұл жетістігі ғарышқа ұшу процесін арзандата түсетіні анық. Атлант мұхитына орналастырылған платформадан ұшқан Falcon 9 ғарышқа Dragon жүк кемесін жеткізіп, жерге қайтып оралды.

Falcon 9-дың жерге қону сәті (Панорамалық бейнетүсірілім)

Бүгінгі таңда Dragon кемесі ғарыштағы жүкті жерге жеткізе алатын жалғыз кеме. Америкалық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарма (NASA) аталмыш компаниямен 1,6 миллиард долларға 2017 жылға дейін келісімшартқа отырды. (Бейнероликтің жоғарғы жағындағы тетікті баса отырып, қалаған жағыңызға бағыттай аласыз)

Илон Маск басқаратын Space X айтулы оқиғаны панорамалық бейнетүсірілім жасап, көпшілік назарына ұсынды.

Осыған дейін Space X компаниясының бірнеше әрекеті сәтсіз аяқталған болатын. Компания сәтсіз тәжірибесін ешкімнен жасырмай, әлеуметтік желі арқылы орын алған оқиғаның бейнеролигін көпшілік назарына ұсынды.  

Алмас САУДАНБАЙ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға