Фаина Мейірманова Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz
25.04.2024 04:29
841
Дубайда өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындаңы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына күміс жүлде түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Фаина Мейірманова биіктікке секіруден Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Спортшының көрсеткіші - 1 метр 76 сантиметр. Сондай-ақ, ол өзінің жеке рекордын жаңартты.
Еске сала кетейік, жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігі 24-27 сәуір аралығында өтуде. Құрлық додасына 30-дан аса елдің өкілдері жиналған. Аталған сында Қазақстан намысын жалпы есебі 42 спортшы қорғауда.
Бөлісу:
