Жаңалықтар

Facebook әлеуметтік желісінде «Алаш партиясы»

Аса маңызды тарихи оқиға жақындап келеді
Facebook әлеуметтік желісінде «Алаш партиясы»
16.11.2017 17:39 2964

Аса маңызды тарихи оқиға жақындап келеді – Орынбор қаласында 5-13 желтоқсанда Екінші жалпықазақ съезінде Алаш автономиясының жариялануы. Егер де осыдан 100 жыл бұрын Facebook әлеуметтік желісі болғанда ұлт зиялылары не істер еді? NDH интернет-порталының командасы осы идеяны іске асыруды шешіп, жаңа жоба – Facebook әлеуметтік желісінде «Алаш партиясы» парақшасын ашты.

Сол замандағы баспа беттерінде жарық көрген газеттік жарияланымдары, жеделхаттары, сөйлеген сөздері, мұрағат құжаттары негізінде «Алаш» партиясының көшбасшылары, ұлт зиялылары қандай да бір саяси, әлеуметтік, экономикалық мәселелер бойынша өз ұстанымдарын осы топта білдіретін болады. Барлық оқиғалар тарихи тізбекте қалпына келтірілетін болады. «Алаш партиясы» парақшасында осыдан 100 жыл бұрынғы оқиғалар хроникасы бір жүйеге түсіріліп, әрбір пайдаланушы сол заманның атмосферасын сезіне алады.

«Алаш партиясы» тобы өз халқының тарихына немқұрайлы қарай алмайтын, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу эволюциясына, оның бір кезеңі болған Алаш автономиясы тарихына қызығушылық танытатын әр азамат үшін әрдайым ашық. Әлеуметтік желі қолданушыларын осы жобаны қолдауға және «Алаш партиясы» тобына қосылуға шақырамыз. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға