Facebook, Youtube және Instagram желілері істен шықты

Фото: ©Pixabay.com
Фото: ©Pixabay.com
12.12.2024 00:08
1612
Әлем бойынша Facebook, Youtube және Instagram желілері істен шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Желілер Қазақстаннан бөлек АҚШ, Польша, Беларусь және тағы бірқатар елде жұмыс істемей тұр. Желі қолданушылары WhatsApp мессенджерінде де ақау болғанын айтып шағымданып жатыр.
Downdetector мәліметінше, соңғы 24 сағатта WhatsApp, Instagram және Facebook қызметтеріне қатысты келген шағымдар саны әдеттегі көрсеткіштен айтарлықтай жоғары болған.
Meta сервисіндегі техникалық ақауға байланысты компания өкілдері әлі ресми мәлімет берген жоқ.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті