Жаңалықтар

F тобы. Африка чемпиондары!

Нигерия құрамасын әлем 1994 жылдан бері тани бастады.
27.05.2014 03:48 3747

Нигерия құрамасын әлем 1994 жылдан бері тани бастады. Сол жылы олар тұңғыш рет АҚШ-тағы әлем біріншілігіне жолдама алды. Голландиялық бапкер Клеменс Вестерхоф жасақтаған футболшылар 15-ші рет ұйымдастырылған  чемпионатқа жай ғана қатысып қойған жоқ. Сол жылы олар өз тобындағы Аргентина, Болгария, Грекия секілді тәжірибелі құрамаларды артқа тастап, бірінші орынмен плей-оффқа шығады. Нигерия футбол жанкүйерлерін бірінші ойында-ақ таңқалдырды. Мундиалдың жасыл алаңына алғаш рет шыққан қара құрлықтың футболшылары алдымен Болгария құрамасын 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Құрамында Христо Стоичков, Красимир Балаков, Йордан Лечков секілді атақты футболшылары бар Болгария алаңда не болғанын түсінбей де қалды. Болгариядан кейін сол кездері қатарынан екі әлем біріншілігінің финалынында ойнаған Аргентинадан аса тартысты кездесуде 1:2 есебімен ұтылды. Ал үшінші матчта Грекиядан 2:0 есебімен басым түсті. Осылайша топтан Нигерия мен Болгария, Аргентина келесі кезеңге өтті. Болгарлар сол жылы жартылай финалға дейін жетіп, төртінші орын алған болатын.  

F тобы. Африка чемпиондары!

Бразилияда өтетін футболдан Әлем чемпионатының топтық кезеңдегі күнтізбесін, матчтың өтетін орнын оқырман назарына ұсынуды жөн деп таптық. 

Нигерия құрамасы

Бас бапкер: Стивен Кеши

Команда капитаны: Джон Оби Микель

Ең көп ойын өткізген ойыншы: Джозеф Йобо (95)

Ең көп гол соққан ойыншы: Рашиди Йекини (37)

ФИФА рейтингісіндегі орны: 44

Нигерия құрамасын әлем 1994 жылдан бері тани бастады. Сол жылы олар тұңғыш рет АҚШ-тағы әлем біріншілігіне жолдама алды. Голландиялық бапкер Клеменс Вестерхоф жасақтаған футболшылар 15-ші рет ұйымдастырылған  чемпионатқа жай ғана қатысып қойған жоқ. Сол жылы олар өз тобындағы Аргентина, Болгария, Грекия секілді тәжірибелі құрамаларды артқа тастап, бірінші орынмен плей-оффқа шығады. Нигерия футбол жанкүйерлерін бірінші ойында-ақ таңқалдырды. Мундиалдың жасыл алаңына алғаш рет шыққан қара құрлықтың футболшылары алдымен Болгария құрамасын 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Құрамында Христо Стоичков, Красимир Балаков, Йордан Лечков секілді атақты футболшылары бар Болгария алаңда не болғанын түсінбей де қалды. Болгариядан кейін сол кездері қатарынан екі әлем біріншілігінің финалынында ойнаған Аргентинадан аса тартысты кездесуде 1:2 есебімен ұтылды. Ал үшінші матчта Грекиядан 2:0 есебімен басым түсті. Осылайша топтан Нигерия мен Болгария, Аргентина келесі кезеңге өтті. Болгарлар сол жылы жартылай финалға дейін жетіп, төртінші орын алған болатын.  

Д тобының көшбасшысы болған Нигерия плей-оффта Е тобынан сүйретіліп әзер шыққан Италияға тап келді. Бұл кездесуде Эммануэль Амунеке 26-минутта Африка елінің құрамасын алға шығарады. Осыдан соң «Скуадра Адзурра» есепті теңестіруге қанша тырысса да, жоспарлары 89-минутқа дейін жүзеге аспады.  Бірақ мұндай матчтарда кездесу тізгінін, көбінесе, көшбасышы футболшылар шешіп жатады. Бұл жерде Италия құрамасының шабуылшысы Роберто Баджоның жеке шеберлігі басты рөл ойнады. Ол алдымен 89-минутта есепті теңестірді. Ал қосымша уақытта жеңіс добын соғып, Италияны ширек финалға алып шықты.

Төрт жылдан кейін олардың Франциядағы әлем біріншілігіне де жолдары түсті. Құраманы сербиялық бапкер  Бора Милутинович бастап барды. Бұл жолғы нәтижелері дәл АҚШ-та өткен әлем біріншілгімен бірдей болды.Тіпті, 1994 жылдағыдай  Д тобына түскен. Қарсыластары Испания, Парагвай, Болгария құрамалары. Жеребе бойынша алғашқы ойында Испаниямен жолықты. Пиреней түбегінен келген команда матчта екі рет алға шықса да, Африка құрлығының командасына төтеп бере алмады. Нәтижесінде Нигерия 3:2 есебімен жеңіске жетті. Одан соң, Болгарияның әуселесін байқап көрді. Шығысеуропалықтар төрт жыл бұрын дәл осы Нигериядан оңбай ұтылған еді. Бұл жолы да қара нәсілді футболшылардың мықтылығын мойындады. Топтағы үшінші ойында Парагвайдан ұтылса да, келесі кезеңге бәрібір бірінші орынмен шықты. Ал 1/8 финалда Данияны айналып өте алмады. Осылайша қатарынан екі әлем біріншілгінің плей-офф кезеңіне дейіне жетті.

Одан соң 2002 және 2010 жылдары топтық кезеңнен әрі аса алмады. Енді, міне, өз бақтарын бесінші рет сынамақшы. Бір қызығы, Нигерия осымен қатарынан төртінші рет Аргентинамен бір топқа түсіп отыр. Алдынғы үшеуінде жеңіліс тауып еді. Бұл жолы қалай болар екен?

Африка кубогында Нигерия құрамасы үш рете чемпион атанған. Алғаш 1980 жылы қара құрлықтың теңдессізі болып табылса, 1994 жылы екінші рет алтыннан алқа тақты. Үшінші рет бас жүлдеге 2013 жылы ие болды.

Қазіргі құрам  

Нигерия құрамасын 2011 жылдан бері жергілікті маман Стивен Кеши жаттықтырады. Бұл бапкер футболшы ретінде Нигерия құрамасы сапында 1981-1995 жылдар аралығында өнер көрсеткен. Бапкер ретінде былтыр Африка кубогында жеңіске жетті. Кеши бапкер Бразилияда мына футболшыларға сенім артады. ҚақпашыларВисент Эньяма («Лилль»), Остин Эджиде («Хапоэль» Б-Ш), Чигози Агбим («Энугу Рейнджерс»), Даниэль Акпейи («Хартленд»); қорғаушылар Элдерсон Эчиджиле («Монако»), Джувон  Ошанива («Ашдод), Эфе Эмброуз («Селтик»), Годфри Обоабона («Ризеспор»), Азубуйке Эгвуэкве («Варри Вулвз»), Кеннет Омеруо («Миддлсбро»), Джозеф Йобо («Норвич»), Кунле Одунлами («Саншайн Старз»); жартылай қорғаушылар Джон Оби Микель («Челси»), Оджени Онази («Лацио»), Рамон Азиз («Альмерия»), Эджике Узоеньи («Эгуну Рейнджерс»), Санди Мба («Бастия»), Ребен Габриэль («Беверен»), Носа Игьебор («Бетис»), Джоэль Оби («Парма»);  шабуылшылар: Ахмед Мұса (ЦСКА), Шола Амеоби («Ньюкасл»), Виктор Мозес («Ливерпуль»), Эммануэль Эменике («Фенербахче»), Обина Нсофор («Кьево»), Питер Одемвинги («Сток Сити»), Мишель Бабатунде («Волынь»), Мишель Учебо («Серкль Брюгге»), Ннамди Одуамади («Варезе»), Уче Нсофор («Херенвен»).

F тобында өнер көрсететін командалар: Аргентина, Нигерия, Босния және Герцеговина және Иран.

Бек Төлеуов 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға