Ф.В.Чижиков және В.А.Шаталов
Чижиков Филипп Васильевич 1923 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Соколов ауданындағы Березовка деревнясында туған. Филипп атаанасынан жастай айырылды. Ол Архангелька балалар үйінде тәрбиелендi.
1934 жылы Петропавл ауданының «Новая жизнь» ұжымшары балалар үйiнен алты жетiм баланы асырап алды. Солардың iшiнде Филипп Чижиков те бар едi. Жылдар өтiп жатты, Филипп комсомолға өттi. 1942 жылғы 20 мамырда Петропавл аудандық әскери комиссариаты Чижиковты Қызыл Армияға шақырып, сол жерде Петропавл маңындағы Боркиде орналасқан 44атқыштар полкының оқу батальонына жiбердi. Кiшi командирлер курсын бiтiрген соң 1942 жылдың шiлдесiнен бастап майданда, ОңтүстiкБатыс майданы 6Әскеріның 25гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында болды. Филипп Васильевич былай деп еске алады: «Бөлiмше командирi дәрежесiнде алдыңғы шепке келiсiменақ сол күнi ұрысқа кiрдiм. Шабуылға шыққан фашистердiң екпiнiн тойтара отырып, бөлiмше жауынгерлерi сескенген емес, қайта «Максим» пулеметi көңiлден шығып, жауға дәл де тынымсыз әрi аяусыз оқ жаудырды да тұрды. 1943 жылғы наурызда бiздiң пулемет взводы жаудың көзіне түспей, Харьков облысының Валки қаласына кiрiп алды да, жауға оқ жаудырды. Дұшпан абдырап қалды, көп шығынға ұшырады. Қала алынды, көптеген қаружарақ пен тұтқындар қолға түсті».
1943 жылғы қазанда Днепрдiң оң жағалауына (Солонян ауданының Войсковое селосына) өтiп, 25атқыштар дивизиясы плацдармды кеңейту үшін шабуыл бастады. Бөлiмнiң ұрысқа кiрiскен алғы легiнде болған гвардия сержанты Филипп Чижиков өз пулеметiнен атқан оқпен 30дан аса гитлершіні жер жастандырды.
Қыркүйектегi ұрыстар жайындағы өз естелiктерiнде Ф.Чижиков былай деп жазады: «Менiң бөлiмшемнiң жауынгерлерi төрт жүзден аса фашистi, екi танк пен екi дзотты құртты. Командование 1944 жылғы 22 ақпандағы ерлiгiм үшiн маған Кеңес Одағының Батыры атағын берді». Днепрден өту кезiндегi ұрыста Чижиков ауыр жараланды. Днепропетровск қаласының госпиталiнде ОңтүстiкБатыс майданы Әскери Кеңесiнің мүшесi гвардия сержанты Чижиковке Ленин ордені мен батырдың «Алтын Жұлдызын» табыс еттi.
Жарасынан сауыққан соң ІІІ Украин майданының 69атқыштар дивизиясына дивизион барлау взводының командирi болып жiберiлдi. Одан кейiн офицерлер мектебiнде оқыды, Австрияны, Венгрияны азат еттi. 1945 жылғы қарашада әскер қатарынан босатылды. Түмен облысының Есiл қаласында тұрды, қоғамдық тәртіп күзетi басқармасында қызмет iстеді.
Шаталов Владимир Александрович 1927 жылы 8 желтоқсанда Петропавл қаласында туған. КСРО ұшқышғарышкері. Әуе күштерінің генераллейтенанты (1975), екі мәрте Кеңес Одағының Батыры. Техника ғылымдарының кандидаты. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1981). Качинск Әскериәуе күштері училищесін бітірген (1949). 1969 жылы қаңтар айында «Союз4» әуе кемесімен алғаш ғарышқа ұшқан. Сол жылдың қазан айында үш әуе кемесі қатар ұшырылған топтық ұшу кезінде «Союз8» әуе кемесінің командирі болған. Үшінші рет әуеге 1971 жылы сәуір айында «Союз10» әуе кемесімен және «Салют» орбиталық стансасы мен ұшып барған. 1991 жылдың қыркүйек айына дейін Ұшқышғарышкерлер даярлайтын орталықтың бастығы болды. 3 мәрте Ленин және т.б. ордендермен, КСРО және шетелдердің медальдарымен марапатталған. Петропавл қаласының Құрметті азаматы. Шаталовтың есімі көшеге, облыс орталығындағы орта мектепке берілген. Петропавл қаласындағы Мәдениет және демалыс паркінде батырға арналған бюст қойылған.