Жаңалықтар

ЕҰУ-де декан болған Қайрат Сақ қызметінен кетті

ЕҰУ-де декан болған Қайрат Сақ қызметінен кетті
Фото: qazaqstan.tv/видеодан алынған кадр 12.02.2025 17:08 130

Белгілі журналист, ақын, жазушы және публицист Нұржан Қуатайұлы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нұржан Қуатайұлы бұл қызметте 2011 жылдан бері атқарып келген Қайрат Сақтың орнын басты.  

Нұржан Қуантайұлы Көкпекті ауданы Үлгілімалшы ауылында 1971 жылы 22 қаңтарда дүниеге келген.

1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

1993-1994 жж. Қазақ радиосында аға редактор, шолушы, 1995-1996 жж. Қазақстан журналистер одағына қарасты Журналистерді қолдау қорының вице-президенті, 1996-2000 жж. әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетінде аға оқытушы, доцент, 2000-2002 жж. республикалық «Жас Алаш» газетінің шолушысы, 2002-2004 жж. «Қазақ университеті» газетінің бас редакторы, 2004-2005 жж. «Айқын» газетінің саяси шолушысы, 2005-2009 жж. «Алматы ақшамы» газеті бас редакторының бірінші орынбасары болып қызмет еткен.

2009 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысындағы «Шығыс ақпарат» Media орталығының директоры болды.

2023 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

2000 жылы «Жүсіпбек Аймауытовтың көсемсөз мұрасы» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғаған.

2001 жылы «Қаламгер» баспасынан «Адырна» атты өлеңдер кітабы шыққан. «Қараөзек» атты прозалық, «Күмбір» атты поэзиялық кітаптарының авторы. Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға