Жаңалықтар

Еуропалық Комиссияның жоғары басшылығы Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде болды

Еуропалық Комиссияның жоғары басшылығы Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде болды
Фото: gov.kz 22.10.2023 18:03 629

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде Еуропалық Комиссияның Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Бас директоратының (DG INTPA) бірінші дәрежелі кеңесшісі Хенрик Хололейдің Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Радумен және ұйым қызметкерлерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында Еуропалық Комиссия делегациясы Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қызметімен және даму перспективаларымен танысты. Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы жүргізіліп жатқан жұмыс және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырмалардың орындалу барысы туралы хабарлады.

Тараптар кең ауқымды мәселелерді, соның ішінде ұшу қауіпсіздігін, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Хенрик Хололей Қазақстанда азаматтық авиация саласын басқарудың енгізіліп жатқан тәсілдерін және ұшу қауіпсіздігінің әлемдік стандарттарға, әсіресе соңғы бір жарым жыл ішінде сәйкестік деңгейін арттыруды оң бағалады.

Ол сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін авиацияның маңыздылығын және Орта дәліз контекстіндегі авиацияның болашағын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға