Жаңалықтар

Еуропалық комиссияның президенті Қазақстанға келеді

Еуропалық комиссияның президенті Қазақстанға келеді
Фото: picture alliance/dpa 10.03.2023 19:30 1955

Елімізге Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен жұмыс сапарымен келеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Былтыр қарашада Еуропалық Одақтың (ЕО) бастамасымен премьер-министр Әлихан Смайылов пен Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Лейен шикізат материалдарын жеткізуді әртараптандыру бойынша меморандумға қол қойды. Бұл қаржылық және технологиялық салада ЕО-ның өнеркәсіптік альянсымен ынтымақтастық орнатуға ықпал етеді, - деді Роман Василенко.

Сондай-ақ ол Еуропалық комиссияның президенті Қазақстанға келетінін атап өтті.

Биыл біз Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйен келеді деп жоспарлап отырмыз. Бұл сапардың Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынасқа 30 жыл толуына орай символдық мәні бар, - деді вице-министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға