Еуропада тұмау жұқтырғандар саны күрт артты

Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com
07.01.2025 08:22
551
Еуропада тұмау өршіп тұр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Франция мен Испанияда ауруханаға түскендердің саны соңғы бір аптада күрт көбейген. Дені - 15 жасқа дейінгі балалар мен 60-тан асқан адамдар.
Румынияда дерттен 4 адам қаза тапты. Жұқпалы аурудың таралуына тосқауыл қою үшін дәрігерлер халықты тұмауға қарсы екпе салдыртуға шақыруда.
Сондай-ақ Еуропаның бірқатар елдерінде ауруханаларда, адам көп шоғырланатын жерлерде қайтадан маска тағуға кеңес беріп жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бүгін - Рождество мерекесі
Келесі жаңалық
Алматы облысында резеңке дөңгелектер зауытынан өрт шықты