Жаңалықтар

Еуропа қайта құру және даму банкі Африка елдері мен Иракта жұмысын бастайды

Еуропа қайта құру және даму банкі Африка елдері мен Иракта жұмысын бастайды
Фото: © El.kz 09.01.2025 11:54 216

Сенат отырысында Еуропа қайта құру және даму банкін құру туралы заң жобасы талқыланды. Аталған банк өз жұмысын Африка және Ирак елдеріне кеңейтпек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаржы вице-министрі Даурен Кеңбеилдің сөзінше, бұл бірінші кеңейту емес, 2006 жылы Моңғолияға, 2012 жылы Жерорта теңізі елдеріне кеңейткен.

Ендігі кезекті кеңейту Африка мен Ирак елдерінде болмақ. Африка елдеріне Дүниежүзілік банктің әдістемесі бойынша 45 мемлекет енеді. Соның ішінде 45 мемлекеттің алты мемлекеті Еуропа қайта құру және даму банкіне кіру үшін өз ұсыныстарын берді. Біз осы банкке кіретін 72 акционердің біріміз. Яғни банктер осы елдерге өз жұмысын кеңейту үшін біз өзіміздің рұқсатымызды беруіміз керек болып жатыр, – деді қаржы вице-министр.

Африка 1 млрд-қа жуық халқы бар әлеуеті жоғары материк. Аталған банктердің осы елдерге өз жұмысын кеңейтуі еліміздегі отандық бизнестің әлеуетін көтеруге мүмкіндік бермек.

Өздеріңіз білетіндей, былтыр Конго, тағы басқа Африка мемлекеттерінің президенттері елімізге жұмыс сапарымен келген болатын. Біз осы Африка елдерімен өз ынтымақтастығымызды инвестиция және басқа жағынан да одан әрі нығайтуға ниеттеніп отырмыз, – деді қаржы вице-министрі Даурен Кеңбеил.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға