Жаңалықтар

Еуропа елдерінің 18 елшісі Шымкентті аралады

Еуропа елдерінің 18 елшісі Шымкентті аралады
Фото: Видеодан кадр 14.04.2025 22:07 357

Шымкент қаласы мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында Еуропа елдерінің 18 елшісінен құралған делегация үшінші мегаполиске сапармен келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Симкич Алешка және Аустрия, Ұлыбритания, Швейцария, Швеция, Германия, Финляндия, Польша, Кипр, Португалия, тағы басқа елдерден келген елшілер мен ресми тұлғалар бірқатар маңызды іс-шараларға қатысты.

Сапар “Шым қала” тарихи-мәдени кешенінен басталып, “Сейітжан Қари” мешіті және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жалғасып, делегация өкілдері студенттермен кездесті. Кездесу барысында “Жаһандық серіктестік үшін білім беру дипломатиясын дамыту” тақырыбында мазмұнды пікір алмасу өтті. Университет аумағында ағаш отырғызу рәсімі ұйымдастырылып, іс-шара достық пен ынтымақтастықтың символына айналды. Сондай-ақ, делегация Шымкент қаласының өндірістік әлеуетімен танысты. “Santo”, “BalTextile” және “KazAlpack” сияқты жетекші кәсіпорындарға барып, олардың заманауи технологиялармен жабдықталуы мен экспорттық мүмкіндіктеріне жоғары баға берді.

Бұдан өзге жаңадан салынған атшабар кешеніне де барды. Онда еуропалық дипломаттар ұлттық спорт түрлері — көкпар, теңге ілу, жамбы ату сынды сайыстарды тамашалап, халқымыздың бай мәдени мұрасымен танысты.

Қала әкімдігі шетелдіктер бұл сапары Шымкент пен Еуропа елдері арасындағы көпжақты әріптестікті тереңдетуге, дипломатиялық, сауда-экономикалық, туризм және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамытуға бағытталған маңызды қадам болғанын атап өтті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 🇰🇿 ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ (@akimat_shymkent)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға