Жаңалықтар

Еуроодақ аумағында TikTok-қа шектеу енгізілуі мүмкін

Еуроодақ аумағында TikTok-қа шектеу енгізілуі мүмкін
Фото: ©Pixabay.com 30.04.2024 14:00 596

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақ аумағында TikTok-қа шектеу енгізілуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Бұл туралы Politico-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Себебі Еуроодақ елдері TikTok Lite-тің қолданушыларға кері әсерінен қауіптенеді.

«Мұны жоққа шығара алмаймыз», – деді Урсула фон дер Ляйен Маастрихтте өткен дебат кезінде. Ол Еурокомиссия  қызметкерлеріне TikTok-ты жұмыс телефондарына орнатуға тыйым салған алғашқы ұйым екенін алға тартты.

Сәуірде Еурокомиссия TikTok Lite-ты тергеу аясында TikTok басшыларына баяндама жіберген. TikTok Lite түрлі тапсырмалар орындаған адамдарға ақшалай сыйлық алуға мүмкіндік береді.

Еурокомиссия бұл қолданушылардың желіде неғұрлым көбірек уақыт өткізуіне әсер етіп, нәтижесінде тәуелділік тудыруы мүмкін деп санайды.

Бұл Еурокомиссияның жыл басынан бері TikТok-қа қатысты екінші ресми тергеуі.

Естеріңізде болса, 24 сәуірде АҚШ президенті Джо Байден TikTok-қа тыйым салу туралы заңға қол қойған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға