Жаңалықтар

Еурокомиссия көліктерге жаңа стандарт енгізуді ұсынды

«Еуро 7» жаңа стандарттары азаматтарымыздың денсаулығын және ауа сапасын жақсартады
Еурокомиссия көліктерге жаңа стандарт енгізуді ұсынды
Фото: runews.biz 12.11.2022 05:27 1343

Еурокомиссия аймақтағы зиянды қалдықтарды азайту және ауаның сапасын жақсарту мақсатында жеңіл, жүк көліктері мен автобустар үшін жаңа «Еуро-7» стандартын ұсынды, деп хабарлайды El.kz.

Еуропалық комиссия автомобиль көлігі қалалардағы ауаны ластаудың ең үлкен көзі екенін атап өтті.

«Еуро 7» жаңа стандарттары азаматтарымыздың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғай отырып, жолдарымызда таза көліктерді қамтамасыз етеді және ауа сапасын жақсартады», деп атап өтті ЕО атқарушы органы.

Еуро 7 стандарттары мен CO2 шығарындылары бірігіп азаматтар үшін ауаның сапасын қамтамасыз етуі керек. Сонымен қатар Еуропалық комиссия жолдарда электромобильдердің көбеюі де қоршаған ортаға белгілі бір жеңілдіктер туғызатынын атап өтті.

Осы екі сандық ережелер жиынтығы автомобиль жеткізу тізбегіне ластаушы заттардың шығарындыларын азайтуға нақты бағыт береді.

Еуро-7-нің тағы бір жаңашылдығы тек газ шығаратын түтіктердің шығарындыларына ғана емес, сонымен қатар тежегіштер мен дөңгелектердің, соның ішінде электромобильдердің қатты бөлшектерімен қоршаған ортаны ластауға шектеу қояды.

Итальяндық La repubblica газеті бұл ереже жеңіл көліктердің бағасын 90 еуродан 150 еуроға, жүк көлігін 2700 еуроға дейін көтеруі мүмкін деп жазады.

Басылымның хабарлауынша, Еуро 7 жеңіл көліктер үшін 2025 жылдың шілдесінен бастап, ал үлкен фургондар, жүк көліктері мен автобустар үшін 2027 жылдан бастап енгізіледі деп жоспарлануда.

Дегенмен, Еуропалық комиссияның ұсынысын ЕО-ға мүше мемлекеттер қолдап, Еуропарламент мақұлдауы керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға