Жаңалықтар

Еуро-2025: Армениямен ойнайтын Қазақстанның негізгі құрамы анықталды

Еуро-2025: Армениямен ойнайтын Қазақстанның негізгі құрамы анықталды
Фото: Қазақстан футбол федерациясы 31.05.2024 17:42 434

Футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеуде Армениямен кездеседі.  Құраманың бас бапкері бапкері Мадияр Кембілов алғашқы минуттан алаңға шығатын 11 футболшыны анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан: Ангелина Портнова (Қ), Аида Гаистенова, Бибігүл Нұрышева, Қазына Норбаева, Әмина Бибосынова, Әсем Қаражанова, Мария Демидова, Камила Құлмағамбетова, Анастасия Низамудтинова, Светлана Бортникова.

Айта кетейік, құрама капитаны Юлия Мясникова жарақатына байланысты матчқа қатыса алмайды. Ал Германияның «Турбине Потсдам» клубының шабуылшысы Әмина Бибосынова ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын өткізеді.

Еуро-2025 іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы төртінші топта ойнап жатыр. Армениядан бөлек, Румыния және Болгария бар. Әзірге екі матчтан кейін Қазақстанда ұпай жоқ.

«Армавир» стадионында өтетін матч 31 мамыр күні Астана уақытымен 18:00-де басталады. Ал кездесуді QazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға