Еуро-2024: Украина құрамасы үшінші жеңісіне қол жеткізді

Фото: ua-football.com
Фото: ua-football.com
15.10.2023 08:21
945
Футболдан Украина құрамасы Солтүстік Македонияны жеңіп, 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу Прагада өтіп, 2:0 есебімен аяқталды. Голдардың авторы Георгий Судаков (30-минут) және Александр Караваев (90+5-ші) болды.
Қазіргі уақытта С тобындағы турнирлік кестедегі жағдай мынадай: Англия (13 ұпай), Украина (10), Италия (7), Солтүстік Македония (7) және Мальта (0).
Келесі ойынды Украина 17 қазанда Мальтамен бірге өткізеді.
Бөлісу:
