Жаңалықтар

Еуро-2024: қазақстандық футболшының голы іріктеу турының үздіктері қатарына енді

Еуро-2024: қазақстандық футболшының голы іріктеу турының үздіктері қатарына енді
Фото: Қазақстан футбол федерациясы 20.11.2023 03:29 647

УЕФА Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноковтың голын Еуро-2024 іріктеу турындағы үздік голдар атағына үміткерлер қатарына қосты. Бұл туралы Prosports.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұйымның ресми сайты номинация бойынша Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің қарашадағы матчтарының төрт голын ұсынды. Тізімге кірген Чесноковтың алғашқы голы Сан-Марино құрамасының қақпасына соғылған еді. 

Сондай-ақ әзербайжандық Эмин Махмудов (Швецияның екінші голы), фин Даниэль Хокинстің голы (Солтүстік Ирландия) және француз Килиан Мбаппенің голы (Гибралтарға соққан үшінші гол) үздік гол авторы атағына үміткер.

Номинанттарға ашық дауыс беру УЕФА ресми сайтында өткізіледі. Еуро-2024 іріктеуінің қорытынды матчын Қазақстан құрамасы Словения құрамасымен сырт алаңда өткізеді. Кездесу 21 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 01:45-те басталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға