Еуро-2024: Қазақстан Солтүстік Ирландиямен бақ сынасады

2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Солтүстік Ирландия мен Қазақстан құрамалары бақ сынасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Матч 19 маусымнан 20 маусымға қараған түні Белфастта өтеді.
Солтүстік Ирландия - Қазақстан матчының тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады. Ойын Астана уақыты бойынша сағат 00:35-те басталады.
Еуро-2024 іріктеу кезеңінде үш ойын өткізген Қазақстан құрамасының қоржынында алты ұпай бар. Магомед Адиевтің шәкірттері турнирдегі ойынын сәтсіз бастады: Словениядан ұтылды (1:2). Бірақ кейін сенсация жасап, Дания құрамасын (3:2), Сан-Марино командасын (3:0) жеңді.
Солтүстік Ирландия құрамасына келсек, олар үш ойыннан кейін үш ұпай жинады: солтүстік ирландиялықтар да Сан-Мариноны жеңді (2:0). Бірақ Финляндия (0:1) мен Даниядан (0:1) ұтылды.
