Euro-2024: Еуропа Чемпионатының жеребесі тартылды

Еуропа Чемпионатына қатысатын барлық команданың қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасының плей-офф кезеңі арқылы жолдама алса, F тобында Португалия, Түркия және Чехия құрамасына қарсы ойнайды.Құрлықтық дода 2024 жылдың 14 маусымы мен 14 шілдесі аралығында Германияның Берлин, Дортмунд, Дюссельдорф, Франкфурт-на-Майне, Гельзенкирхен, Гамбург, Кёльн, Лейпциг, Мюнхен, Штутгарт қалаларында өтеді.
EURO-2024 футбол додасының толық жеребесі:
А тобы: Шотландия, Швейцария, Германия, Венгрия,
В тобы: Хорватия, Италия, Испания, Албания.
С тобы: Англия, Дания, Словения, Сербия.
D тобы: Франция, Австрия, Нидерланд, A плей-офф іріктеуінің жеңімпазы.
Е тобы: Бельгия, Румыния, Слования, В плей-офф іріктеуінің жеңімпазы.
F тобы: Португалия, Түркия, Чехия, С плей-офф іріктеуінің жеңімпазы.
