Еуро-2024: барлық қатысушы құрамалар анықталды

Еуро-2024-ке іріктеу аяқталған соң турнирдің 24 қатысушысының 21-і анықталған болатын. Қалған үш жолдаманы Ұлттар лигасындағы 12 команда сарапқа салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ең алғаш болып плей-офф жолдамасын Қазақстан мен Грекияны ұтқан Грузия иеленді. Олардың қатарын Польша мен Украина толықтырды.
Еуро-2024 құрамы мынадай:
А тобы: Германия, Шотландия, Венгрия, Швейцария.
B тобы: Испания, Хорватия, Италия, Албания.
C тобы: Словения, Дания, Сербия, Англия.
D тобы: Польша, Нидерланд, Австрия, Франция.
E тобы: Бельгия, Словакия, Румыния, Украина.
F тобы: Турция, Грузия, Португалия, Чехия.
Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі 14 маусым мен 14 шілде аралығында Германияда өтеді.
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының жартылай финалында Грекиядан, сонан соң Люксембургтен ұтылды.
