Жаңалықтар

Еуразия ұлттық университетіне зерттеу университеті мәртебесі берілді

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады.
Еуразия ұлттық университетіне зерттеу университеті мәртебесі берілді
Фото: ашық дереккөзден 27.09.2022 02:15 2596

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі қаулысымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне зерттеу университеті мәртебесі беріліп, оқу ордасының 2022-2026 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді, деп хабарлайды EL.KZ.

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады.

​Қаулы аясында ЕҰУ университет ғылымының ел экономикасының нақты секторына үлесін арттыруды көздейді.

Университеттің ғылыми инфрақұрылымын кеңейту аясында Абай облысының Курчатов қаласында орналасқан «Ядролық технологиялар паркі» АҚ ЕҰУ-ға берілді. Бұл Парк мамандарды даярлау, ғалымдардың зерттеулерін жүргізу, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру алаңына айналады. Кәсіпорында студенттерге студенттерге практикалық дағдыларын жетілдіруге және ғылыми жұмыспен айналысуға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар биыл ЕҰУ QS World University Rankings 2023 халықаралық рейтингінде әлемнің үздік 300 университеттерінің қатарына еніп, 277-ші орынға ие болды. Соңғы үш жылда университет бұл рейтингте 141 саты алға жылжыды, - деп әлеуметтік желідегі парақшасына жазды министр Саясат Нұрбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға