Жаңалықтар

«Eurasia Barysy» турниріне қатысатын балуандарымыз анықталды!

Қазақ күресінен өтетін «Eurasia Barysy» ІІ халықаралық турниріне 12 елден 60 балуан қатысады.
11.11.2014 05:35 4142

22 қараша күні Тараз қаласында қазақ күресінен «Eurasia Barysy» ІІ халықаралық турнирі өтеді. Осыған байланысты жарыс туралы мәліметтер беруді жөн санап отырмыз.

«Eurasia Barysy» турниріне қатысатын балуандарымыз анықталды!

1. «Eurasia Barysy» дегеніміз қандай жарыс?

Қазақ күресінен өтетін «Eurasia Barysy» халықаралық турнирі елімізде осымен екінші мәрте өтіп отыр. «Eurasia Barysy» турнирінің басты ерекшелігін айтатын болсақ, бұл жарыс кубоктық жүйе бойынша өтеді. Әр балуан өз салмағындағы қарсыласымен шығып, жеңілгені жарыстан шығып қалады. «Eurasia Barysy» ІІ халықаралық турниріне 12 елден 60 балуан қатысады. Жарыс 60 келі, 70 келі, 80 келі, 90 келі және + 90 келі салмақ дәрежелеріндегі балуандар арасында өтеді. 


2. «Eurasia Barysy» қашан және қай жерде өтеді?

«Eurasia Barysy» ІІ халықаралық турнирі 22 қараша күні сағат 12.00-де Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында өтеді.


3. «Eurasia Barysy» жарысына кімдер қатысады?

«Eurasia Barysy» халықаралық турниріне 12 елден 60 спортшы қатысады. Әр елдің атынан  5 салмақ дәрежесі бойынша бес балуан қатысады. Қазақстанның намысын Мұхит Тұрсынов, Абзал Арыстанбеков, Қайрат Ағыбаев, Айбек Нұғымаров және Дәулетхан Жақыпов сынды балуандар қорғайды.  Турнирге Ресей, Қытай, Түркия, Моңғолия, Әзірбайжан, Грузия, Украина, Польша, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан елінің намысын қорғау үшін ең үздік балуандар қатысады.


4. «Eurasia Barysy» турниріне билеттерді қайдан аламыз? 

22 қарашада Тараз қаласында өтетін «Eurasia Barysy» халықаралық турнирінің билеттері сатылымға қойылды. Билеттердің құны: 3 000, 5 000, 7 000, 10 000, 15 000 теңге. Билеттерді Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайының кассасынан ала аласыз. Қосымша ақпарат қажет болса 8 (7262) 450 - 514, 8 701 100 43 44 телефондарына хабарласып, біле аласыздар.


5. «Eurasia Barysy» жарысын тікелей эфирден қайдан көре аламыз?

Жарысты тікелей эфирден «Қазақстан» мен «KazSport» арнасы, ресейлік «Боец» және түркиялық «TRT Avaz» арналары көрсетеді.


«Eurasia Barysy» халықаралық турнирі биыл екінші мәрте өтеді және былтырғы жарыс та тараз қаласында өтті. Қазақ күресінен Азия чемпионаты, Әлем чемпионаты, Әлем кубогы, «Әлем Барысы», «Мәскеу Барысы» және «Eurasia Barysy» сынды бірнеше халықаралық турнирлер дәстүрлі түрде жалғасын тауып отырады.


«Eurasia Barysy» турнирінің жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрайды және алғаш сегіздікке кіргендерге төмендегідей көрсеткішпен беріледі:

  • 1 орын – 50 мың $;
  • 2 орын – 20 мың $;
  • 3 орын – 10 мың $;
  • 4 орын – 6 мың $;
  • 5 орын – 5 мың $;
  • 6 орын – 4 мың $;
  • 7 орын – 3 мың $;
  • 8 орын – 2 мың $;


 Әзірлеген – Досжан Мейірбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға