«Этникалық полифония» еврей, өзбек, әзірбайжан, белорустардың мәдениетімен таныстырады

26 қыркүйекте сағат 19:00-де елордадағы Оқушылар сарайында (Б. Момышұлы даңғылы, 5) «Этникалық полифония» этномәдени бірлестіктердің есептік концерті өтеді.
Елордалық «Алеф» еврей мәдени-ағартушылық қоғамдық-саяси қоғамы», «Хазар» әзірбайжан қоғамдық бірлестігі», Нұр-Сұлтан қаласының өзбек этномәдени орталығы, «Радима» белорус мәдени орталығы қоғамдық бірлестіктері кеш көрермендерін өз халқының мәдениетімен, салт-дәстүрімен таныстырады.
Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, шара барысында Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары мен қонақтары түрлі ұлттық әндер мен билерді қызықтап, театрландырылған көріністерді тамашалайды.
Бөлісу:
