Жаңалықтар

«Етегімнен тартпаңдаршы». Дариға Бадықова көпшіліктен сынауды тоқтатуды сұрады

«Етегімнен тартпаңдаршы». Дариға Бадықова көпшіліктен сынауды тоқтатуды сұрады
Фото: Видеодан кадр 16.02.2024 16:34 1009

Танымал актриса Дариға Бадықова ел арасында күзетпен жүргеніне қатысты әңгімені тоқтатуды сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесінің айтуынша, күзетпен жүрудің еш әбестігі жоқ. Керісінше, халық осылай жүрген өнер адамдарын қолдауы керек деп есептейді.

"Күзет сенің не теңің" деп жерден алып, жерге салып болдыңыздар ма? Құрсын таралып кеткені соншалық, үтікті қоссақ та сол видео шықты ғой алдымыздан. Ресторанның таңып берген күзеті ғой, біздің дым қатысымыз жоқ, ақталды демеңіздер Бір жағы, басқа ұлттың баласына ұқсап, күзетпен жүргенге не жетсін. Сол күнге жетейік деп жақсы сөз айтқан бір қазақ жоқ қой, шіркін-ай, - дейді Дариға Бадықова.

Сондай-ақ халықтан артқа тартпауды сұрады.

Құрметті көрермен-ау, жалпы деймін де, бастап жатқан ісіміз ілгері жүрсін десек, етектен тартып: “Ой сендер сондай, сендер бұндай” - деп артқа тартпайықшы. Неге десеңіз, біз көпұлтты мемлекетпіз. Өзіміз аз ғана қазақпыз! Жұрттың баласының алдында бір-бірімізді табалап, жағадан ұстамайық та құрысын. Енді еңсемізді көтеріп келе жатқанда, сағымызды суға кетірмейікші! Қай саланың тасы өрге домаласа, төмен тартуға құмар болмайық. Рухы, биік текті ұрпақтың балаларымыз ғой, - деп жазды актриса.

Айта кетейік, актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абай Атырау облысындағы мейрамханаға күзетпен барып, елдің сынына қалған еді. Өнер иелері бұлай істеуіне не себеп болғанын жасырмай айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға