Жаңалықтар

Эстонияда Тоғызқұмалақтан турнир өтті

Эстонияда Тоғызқұмалақтан турнир өтті
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 30.03.2025 11:50 480

Еуропада Тоғызқұмалаққа қызығушылық күннен-күнге артып келеді. Латвия, Литвадан кейін енді Эстония да Тоғызқұмалақ федерациясын құруға ниетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы еліміздің Эстониядағы елшілігімен бірігіп Наурызды тойлау аясында Таллин қаласында ұлттық ойыннан жарыс ұйымдастырды. Сайысқа Эстониядағы шет мемлекеттердің елшілері мен дипломаттары қатысты.

Тұңғыш ұйымдастырылған турнирге 30-дан астам шет мемлекеттің Эстониядағы елшілері мен дипломаттары жиналды. Зияткерлік ойынның ережесін түсіндіріп, шеберлік сабағын өткізуге Тоғызқұмалақтан үш дүркін әлем чемпионы Серік Ақтаев Астанадан арнайы барды.
❗️

Төрт мың жылдық тарихы бар Тоғызқұмалақ ойыншының ойлау, есте сақтау қабілетін арттырады. Зерттеушілер «Ойшылдар ойыны» деп бекер айтпаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға