Жаңалықтар

Есте сақтау қабілетін дамытудың 13 тәсілі

Адамның есте сақтау қабілеті тылсым дүние, ол үрдістің қалай іске асатыны толық белгілі емес.
24.07.2014 04:35 52166

Адамның есте сақтау қабілеті тылсым дүние, ол үрдістің қалай іске асатыны толық белгілі емес. Бірақ ми кейде бізге керекті ақпараттарды ұмытып қалып жатады. Немесе адамда есімдерді, жерлерді жаттау қабілеті жақсы дамыған болуы мүмкін. Есесіне сандарды есте сақтауда қиналады. Бірақ бұл қабілеттерді дамытуға болады. Ми да адамның бұлшықеттері секілді, оны жаттықтырмаса, әлсіз болады. Күнделікті жаттығу арқасында мидың жаттау қабілетін дамытуға болады. Сіз үшін 13 арнайы тәсілін дайындап қойдық.

 Есте сақтау қабілетін дамытудың 13 тәсілі

1.Мнемониканы пайдалану

Компьютер жады екілік сақтау жүйесін пайдаланады. Кейін ақпаратты адамға ыңғайлы түрде ұсынады. Компьютер секілді адамның миы да ақпараттарды сақтаудың өзіндік тәсілі бар. Мнемоника есте сақтау технологиясы. Керекті ақпаратты арнайы код ретінде сақтауға мүмкіншілік береді. Қиын естіледі, иә? Бірақ негізіде бәрі оңай. Ақпаратты сақтау үшін қарапайым ұйқастар мен аббревиатураларды пайдаланады.

2.Жаңа нәрсе үйрену

Жадты жақсарту үшін оны жаңартып, жиі пайдаланып отыру керек. Жаңа нәрсе үйрену керек. Ұзақ өмір сүрген адамдардың көбісі милар көп жұмыс істеткен. Жаңа би, тіл, жаңа ойын жалпы, жаңа бірнәрсен үйреніңіз. Өзіңізді қызықтырантын жаңа саланы зерттеу керек. Белсенді болып, жаңа қабілеттерді дамыту маңызды.

 

3. Ұйқыны қандыру керек!

Беркли университетінің ғалымдары жасы үлкен адамдардың есте сақтау қабілетін зерттеген. Жақсы ұйқы, есте сақтау қабілетінің кепілі. Күнделікті адамға сегіз сағат ұйықтау керек. Ақпаратты есте сақтап қалудың ең жақсы жолы, ұйқы алдында оқу. Ұйқы барысында ақпарат өңделіп, жадта сақталып қалады.

4. Спортпен шұғылдану

Миннесота университеті профессоры Дэвид Якобсонның зерттеу қорытындысы бойынша, жас кезінде жаттығуларлды жиі жасап тұратын адамдардың басқа адамдарға қарағанда жадтары жақсырақ екені анықталды. Бұд бірақ жаңалық емес. Жүзу, жүгіру және басқа да спорттық белсенділік ми жұмысын жақсартады. Бұл миға келетін қанның көлемін арттырады.

5. Дұрыс тамақтану

Адамның миы энергия аз құртатын болса да, энергетикалық тамақтарды көп қажет етеді. Көк шай, жаңғақтар, мұхит балықтары, зәйтүн майы есте сақтау қабілетін арттырады. Сол себепті осы азық-түлікті пайдалану керек. Сонымен қатар басқа да құнарлы тамақтар мидың дұрыс жұмыс істеуіне әсер етеді. Бастысы, дұрыс тамақтану рационын құру керек.

6. Медитация

Медитация қазіргі уақытта кең таралған. Бірақ танымалдылықтан бөлек шынайы көмегі бар. Біріншіден, медитация біздің жүрек қағысты арттырады. Миға қанның келуін арттырады. Екіншіден, өзіңді тануға мүмкіншілік береді. Сол уақытта жинақталған ақпараттарды реттеп алса болады. Үшіншіден, стрессті азайтып, терең демалуды үйрунеге болады. Өз кезегінде мидың жұмысына оң әсер етеді.

7. Сөйлесу

Сөйлесу – сіздің миға керекті жақсы әрекеттің бірі. Пайдалы, мәнді әңгіменің орны ерекше. Жай өсек айту немесе құр сөйлеу есте сақтау қабілетіне әсер етпейді. Сол себептті сөйлесудің де пайдалы тұстарын пайдалану керек. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға